Биыл «Қазақстан барысында» 37 балуан бақ сынайды

23 Маусым 2021, 12:57
3297
Бөлісу:
Биыл «Қазақстан барысында» 37 балуан бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазақстан барысы турниріне 10 жыл» брифингінде Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаев айтты.

 Қазақ күресін ел ішінде насихаттап келе жатқан «Қазақстан барысы» жобасы барлығымыз үшін қымбат. 10 жылдың ішінде танымалдық артып, өзіндік дәстүр қалыптасты. Бұл турнир өскелең ұрпақтың қазақ күресімен айналысуға үлкен серпін бергені анық. Қазақ күресі жастардың тұлға болып қалыптасуындағы тәрбиелік мәні ерекше, - деді Имамбаев.
Оның айтуынша, биыл республикалық турнирде 37 балуан бақ сынайды.
Оның ішінде «Қазақстан барыстары» Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиевтер де бар. Жаңа турнирден жаңа есімдерді күтеміз. «Қазақстан барысы» турнирінің 10 жылдығымен құттықтаймын, - деді ол.
Айта кетейік, 10 жылдың ішінде «Қазақстан барысына» 100 мыңнан астам адам қатысқан. Жыл сайын 9 мыңнан астам жанкүйер мен 8 млн-нан астам көрермен тікелей эфирден тамашайды.

Өзгелердің жаңалығы