Мәжілістің жетінші шақырылымының 1-сессиясы аяқталды

23 Маусым 2021, 12:44
2089
Бөлісу:
Мәжілістің жетінші шақырылымының 1-сессиясы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының алғашқы сессия жұмысы қорытындыланды.

Бұл сессиядағы жаңа және нақты қадамдар Мәжілістің заң шығару жұмысын одан әрі күшейтуге жол ашты. Мәжіліс саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы зор көптеген заңдарды қабылдады. Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін басшылыққа алдық. Оның барлығы, халқымыздың өмір сапасын арттыруға, еліміздің тұрақты дамуын заң деңгейінде қамтамасыз етуге ықпал етті, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Спикер биылғы сессия барысында депутаттар өздерінің заң шығарушылық бастамаларын белсенді қолданып, 10 заң жобасын әзірлеп шыққанын айтты.

Сонымен қатар, осы сессияда 230-дан аса депутаттық сауалдар жолданды. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне бағытталды, - деді ол.

Нұрлан Нығматулин сессия аяқталғанымен депутаттар өңірлерге, шалғайдағы ауылдық жерлерге барып сайлаушылармен кездесетінін айтты. Ал Мәжілістің жетінші шақырылымының екінші сессиясы қыркүйек айында басталады.

Өзгелердің жаңалығы