Президент шілдеде бір аптаға демалысқа шығады

23 Маусым 2021, 06:26
9023
Бөлісу:
Президент шілдеде бір аптаға демалысқа шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айының ортасында демалысқа кетеді, деп хабарлайды 24.kz.

Баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің шетелге шықпай, Қазақстанда болатынын жеткізді.

Былтыр пандемияға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев демалыссыз жұмыс істеді.

Мемлекет басшысы қызметке кіріскен сәттен бері екі жыл ішінде 2019 жылдың шілдесінде ғана үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы