Павлодар облысында бір отбасы ыстан уланып ауруханаға түсті

23 Маусым 2021, 00:15
3260
Бөлісу:
Павлодар облысында бір отбасы ыстан уланып ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Баянауыл ауылында бір қабатты тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешінің ақаулығы салдарынан отбасының барлық мүшелері улы газдан уланған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз  қызметінің мәліметі  бойынша, 22 маусымда сағат 00.30-да Баянауыл ауданының аудандық ауруханасынан ыстан улану туралы хабарлама түсті.

Олар – 1967 жылы туған әже, үйдің иесі – 1992 жылы туған ер азамат, 1995 жылы туған жұбайы және олардың балалары 2014, 2020 жылдары туған ұлы мен қызы. Барлығы  Баянауыл аудандық ауруханасына  жатқызылды. Ауыр дәрежелі улы газбен улану диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты деп бағалануда, – дейді департаментте.
Павлодар облысы ТЖ департаменті жылыту пештерін пайдалану алдында, жылыту маусымынан кейін, пештер мен  мұржаларды тазалау, жөндеу және әктеу, жарықтарды жөндеу қажет екенін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы