Мәжілістің экс-депутаты Қуаныш Алпысбеков қайтыс болды

23 Маусым 2021, 20:56
3627
Бөлісу:
Мәжілістің экс-депутаты Қуаныш Алпысбеков қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елге танылған белгілі азамат, қайраткер тұлға, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II шақырылған депутаты Қуаныш Алпысбеков дүниеден өтті деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүкіл депутаттық корпустың атынан марқұмның отбасына, жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

Қуаныш Махмұтұлы айрықша қарым-қабілетінің, іскерлік қасиеті мен мол білімінің арқасында өте жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Әсіресе, Жоғарғы кеңестің, Парламенттің депутаты болған кезде халықтың өзекті мәселелерін шешуде аянбай еңбек етіп, егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және заңнамалық нығаюына зор ықпал етті. Өнегелі ісімен артында өшпес із қалдырған ардақты тұлғаның ақжарқын асыл бейнесі, отбасының, барша жақындарының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Қуаныш Алпысбеков Жоғары Кеңес депутаты, сонымен қатар, Мәжілістің екінші шақырылымында депутат атанып, бірқатар жауапты қызметті абыроймен атқарған.

Өзгелердің жаңалығы