Бекшин үнді штамы анықталған пациент туралы айтты

23 Маусым 2021, 12:41
1764
Бөлісу:
Бекшин үнді штамы анықталған пациент туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамының кімнен анықталғаны туралы айтты.

Бекшин онлайн брифинг барысында Алматыда үнді штамы анықталған пациент туралы айтып берді.

Бұл – жаңадан келген штамм. Біздің ойымызша, сырттан әкелінген. Үнді штамы 1984 жылы туған К есімді азаматшадан анықталды. Онымен байланыста болған барлық туған-туысы, досы зерттеуге алынды. Олардың саны 7 адам. Олар қазір оқшаулауда. Бұл отбасында 3 адам бар. Оның бірі – 7 жастағы бала. Баланың зерттеуі кеше жасалды. Нәтижесі теріс болып шықты. Ал штамм жұқтырған К есімді азаматша инфекциялық стационарға орналастырылды. Ем алып жатыр, - деп атап өтті қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Оның сөзінше, 7 жастағы қызы және тығыз байланыста болған басқа туыстары оқшауда. Ал жұбайы іссапарда.

Бұл кісі ақпан айында коронавируспен ауырып шықты. Сондықтан оның вирус жұқтыру көрсеткіші төмен деп айтуға болады. Бірақ біз оның жұмысындағы әріптестеріне жағдайды жеткіздік. Сондықтан бұл кісі де бақылауға алынды, - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы