Үндістандық штаммен күресуге дайынбыз ба?

23 Маусым 2021, 17:48
2287
Бөлісу:
Үндістандық штаммен күресуге дайынбыз ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді. 

 Брифинг барысында бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясының жаңа түрі – үндістандық штаммен күресуге қаншалықты дайынбыз деген сұрақ қойылған болатын.  

Біз геномдық зерттеу нәтижесін күтіп отырмай, бірден әрекетке көштік. Шұғыл түрде Үкімет отырысы өтті. Артынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтіп, нақты шешімдер қабылданды. Материалдық-техникалық базаға қатысты жағдайды тағы талдайтын боламыз. Төсек орындардың жүктемесі 25%-ды құрап отыр. Сондықтан мүмкіндік көп. Дәрі-дәрмекке қатысты айтар болсақ, 2 айлық қор толықтай бар, - деді Ералы Тоғжанов. 
Оның айтуынша, мемлекеттік шекара да толықтай бақылауда. Шетелге барып келген азаматтар да қадағалауда болады. Бір сөзбен айтқанда, өңірлердегі медициналық мекемелер кез келген жағдайға дайын болулары қажет. Қазіргі таңда барлық күш тәж-тажалмен күреске бағытталып отыр.

Еске салсақ, брифинг барысында вице-премьер өзінің қандай вакцина алғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы