«Қазақстан барысы» атанған балуанның қанша сыйақы алатыны белгілі болды

23 Маусым 2021, 13:10
2065
Бөлісу:
«Қазақстан барысы» атанған балуанның қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазақстан барысы турниріне 10 жыл» брифингінде Qazaqkuresi қауымдастығының спортты дамыту жөніндегі директоры Бақдәулет Сәбитов айтты.

Qazaqkuresi қауымдастығының бастамасымен өзінің кілеміне ие болды. Сол жерде балуандар жалаң аяқ күреседі. Жүлде қоры жылдағыдай жеңімпазға алтын белбеу мен алтын тай-тұяқ беріледі. 2-3 орындарға күміс және қола белбеу беріледі. Ақшалай сыйлыққа келетін болсақ, жеңімпазға 25 млн теңге, бапкеріне 3,5 млн теңге, 2-орынға 5,5 млн теңге, бапкеріне 1,8 млн теңге, 3-орынға 1,8 млн теңге, бапкеріне 900 мың теңге беріледі. Бағы жанған балуандар алады, - деді ол.

Сәбитов айтқандай, «Қазақстан барысы» турнирі 4 шілдеде Жақсылық Үшкеміров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Осы орайда күрестің барлық жанкүйерінен кешірім сұраймыз. Себебі елорда «қызыл аймақта» болғандықтан, жарыс алаңында 20 пайыз көрермен болады. Ол Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырады. Сарайдың сыйымдылығы 5 мың болса, біз тек 1000 адамды ғана отырғыза аламыз. Өңірлердегі жанкүйерлерді тікелей эфирден тамашалауға шақырамыз, - деді Сәбитов.

Өзгелердің жаңалығы