Түркістан облысында су беру қызметінің құны төмендеді

23 Маусым 2021, 09:41
4501
Бөлісу:
Түркістан облысында су беру қызметінің құны төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ы «Оңтүстікауызсу» филиалының реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.

Талдау барысында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Түркістан облысы бойынша ТМРКД-ы тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, Департаменттің бұйрығына сәйкес «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ы «Оңтүстікауызсу»  филиалы тұтынушыларына тарифті 1000 теңге мүшін 247,13-тен 234,74 теңгеге дейін немесе 5,01%-ға уақытша төмендету арқылы 89 430 078,72 теңге көлемінде қайтарады, - деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

Бұйрық 2021 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.



Өзгелердің жаңалығы