Еркін күрестен қазақстандық төрт балуан әлемдік рейтингте ТОП-5 қатарына енді

23 Маусым 2021, 07:47
3368
Бөлісу:
Еркін күрестен қазақстандық төрт балуан әлемдік рейтингте ТОП-5 қатарына енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрес балуандарының рейтингін жаңартты. Олимпиадалық салмақ бойынша төрт қазақстандық спортшы алғашқы бестікке енген, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кету керек, аталған рейтинг Токио Олимпиадасындағы жеребе тарту рәсімінде қолданылады. 

65 келідегі Дәулет Ниязбеков рейтингте үшінші орында, 74 келідегі Данияр Қайсанов екінші орында, 97 келідегі Әлішер Ерғали үшінші сатыда, 125 келідегі Юсуп Батырмұрзаев екінгі сатыда орналасқан. 

Айта кетелік, еркін күрестен Қазақстан командасы Токио Олимпиадасында бес салмақ бойынша сынға түседі. 



Өзгелердің жаңалығы