Все новости за 19 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Үкіметтік емес ұйымдар СOVID-19-ға қарсы бірігуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңестің бейнеконференция байланысы форматындағы отырысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Коронавирус індетінен 216 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 216 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
БҰҰ: Әлемдегі босқындар саны 80 миллионға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі босқындар саны 80 миллион адамға жетті, бұл – БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының қызмет еткен уақытында тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп жазды ru.euronews.com.
-
Шымкентте 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев құрылысы аяқталған "New City" және "Асар city" тұрғын үй кешеніне арнайы барды.
-
"7-20-25" бағдарламасы аясында қарыз беруге 33 005 өтінім қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша қарыз алуға 378,42 млрд теңге сомасына 33 005 өтінім қабылданды.
-
Қарағанды тұрғындары кәсіпорынның лас суды үнемі сыртқа төгетініне шағымданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы факт бойынша Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері жергілікті жерге шығып, суда ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін су сынамаларын іріктеп алды.
-
Коронавирус індетінен тағы 8 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.
-
Түркістанның медицина қызметкерлері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған ақ желеңді абзал жандарды "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, "Еңбек ардагері" және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медальдарымен марапаттады.
-
Ақтөбеде 230 студент облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 маусым күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау шарасы өтті.
-
ҰСО: Мобильді ПТР-зертханалар қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ ТКҚСҚБК "Ұлттық сараптама орталығы" Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мобильді ПТР-зертханалар коронавирустық инфекцияға сынамаларды зерттеуге кіріскенін хабарлайды.
-
Сенат төрағасы Елбасына үндеу жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев барлық сенатор атынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына үндеу жолдап, зор денсаулық тіледі.
-
Кәсіпкер: Вируспен ауырған таныстарымның саны күрт артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауруханалар толы, дәрігерлер жетіспей жатыр, жедел жәрдем өте ауыр жағдай болмайынша, келмейді. Қысқасы, біз қорыққан денсаулық сақтау жүйесінің жаппай күйреуі орын алды, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында танымал отандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай.
-
ІІМ ұжымы Елбасының тезірек сауығуын тілейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ қызметкерлері Елбасына қолдау білдірді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
-
Атырауда коронавирустан айыққандар саны 1031 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңіз кенішінің тағы 16 жұмысшысы инфекциялық стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
-
Бекшин тест орталықтарының жұмысы қашан іске қосылатынын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн брифинг барысында Алматы қаласы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирустың бар жоғын анықтайтын тест орталықтарының жұмысына тоқталды.
-
Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінен қайта алынған тест теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
COVID-19: Алматыда симптомсыз мыңнан аса адам үйінде карантинде отыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта симптомсыз COVID-19 диагнозымен 1040 адам үй карантинінде жатыр. Тек соңғы тәулікте симптомсыз 62 жағдай анықталды.
-
Ләззат Ақтаева: Алдыңғы шепте жүрген барлық медицина қызметкеріне алғысым шексіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг соңында медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
-
Эпидемиологиялық көрсеткіші жоқ азаматтарға тесттен өту қажет емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
-
Елімізде 1,2 млн адам ПТР-тесттен өтті – Ақтаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте елдегі ПТР-тесттерге қатысты ақпаратпен бөлісті.
-
150 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Түркістан облысының үш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.
-
Батыс Қазақстанда күн ысып, Солтүстік Қазақстанда үсік жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылдың 19 маусымында Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.
-
Үндістан мен Израиль билігі: Елбасының денсаулығы зор болсын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль президенті Реувен Ривлин мен Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі.
-
Катонқарағай ауданының тұрғындары күніне 2 тонна сүт өткізеді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыған дейін өткізілетін сүт көлемін жарты тоннадан асырмаған Катонқарағай ауданының тұрғындары биылдан бастап күніне екі тонна сүт өткізетін болды.
-
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өткен жылы Алматыға 1,3 млн турист келген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Алматыға келуші туристер саны 23% өсіп, 1 млн 300 мыңды құрады.
-
Назарбаев ашық жүргенде "неге оқшауланбайды" деп ойлайтынмын – Бибігүл Төлегенова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның экс-президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетін жұқтырды деген хабар тарағаннан бері деніне саулық тілеп, ізгі тілектерін жолдап жатқандар көп.
-
Тез жазылып кетіңіз және аман болыңыз – Помпео Назарбаевқа
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Елбасының коронавирустан тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Қазақстандық әншілер Елбасына: Біз сізді қатты жақсы көреміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар қазақстандық әнші Елбасының сауығып кетуіне қатысты тілектерін әлеуметтік желідегі парақшаларында жазып жатыр.
-
Теңіз кен орнында жаңа құрам жасақталып жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз кенішіндегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Сондықтан өндірістегі вахталық құрамды жаңалау жұмыстары басталған. Қазір кен орында 13700-ден астам жұмысшы мен 100-ге жуық мердігер компания бар.
-
Дәрігер: "Дене қызуым жоқ" екен деп уақыт өткізуге болмайды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тамағыңыз ауырып, мұрын бітіп, әлсіз сезінсеңіз, бірақ дене қызуы жоқ болса, уақыт өткізуге болмайды.
-
Біртанов медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
ШҚО Катонқарағай ауданында 400 жаңа жұмыс орны ашылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Катонқарағайда биыл жүзеге асатын 27 жоба аясында 400 жаңа жұмыс орны ашылады.
-
Коронавирус ауруының белгілері жоқ науқастарға қандай шара қолданылады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін коронавирус жұқтырғандардың сырқаты жеңіл жүргендер стационарға жатқызылатын, енді олар тек медицина қызметкерлерінің бақылауында үй жағдайында болады.
-
Димаш америкалық компаниямен келісімшартқа отырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген IPZ америкалық компаниясымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы әнші Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
-
Биыл ШҚО Катонқарағай ауданында 14 тұрғын үй салынады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарында салынатын тұрғын үйлер көпбалалы отбасыларға беріледі.
-
Су ресурстары комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Алдамжаров Нұрлан Жанұзақұлы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
-
Қазақстандағы Грузия елшісі вирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Грузия елшісі Зураба Абашидзеден COVID-19 анықталды.
-
Жақыныңа жанашыр бол: Жанымызды шүберекке түйіп жүрміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін - медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Коронавирус пандемиясымен күрес кезеңінде ақ халатты абзал жандардың жұмысы жоғары бағаланды. Тәулік бойы қауіпті ошақтың ортасында жұмыс істеп жүрген жандардың бірі – Күлбаршын Хасенова.
-
Алматыдағы Көк базарға 1,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес, "Компания "Достар-Коммерц" ЖШС-ға (Көк базар) 620 АЕК (1 722 360 тг) көлемінде айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды.
-
Еуропада жер-жерде шектеу шаралары күшейтілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жағдайдың нашарлауы бірқатар еуропалық елде карантиндік шаралардың қатаңдатылуына алып келді. Бұл туралы Euractiv басылымы хабарлады.
-
Экс-президентке қозғалған 20 қылмыстық істің үшеуі жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенкоға қатысты барлығы 20 іс ашылған, оның тең жартысы бойынша тергеу жалғасуда. Бас прокурордың кеңсесі бұрынғы президентке қатысты үш істі жапты, деп хабарлады korrespondent.net.
-
56 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індеттен 56 адам жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
Ертіс өңірінде жол жөндеу сапасына қатысты олқылықтар анықталды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары "Сапалы жол – адалдық алаңы" жобасы аясында жол жөндеу сапасына мониторинг жүргізуде. Тексеріс нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталып, мердігер ұйымдарға ескертулер жасалды.
-
Ердоған Назарбаевқа: Өкінішпен естідім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.
-
Сағынтаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев facebook-тегі парақшасында медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Нұр-Сұлтанда пара алған мектеп директорына айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы департаменті Тергеу басқармасының басшысы Нұрбек Даумов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Мәжіліс депутаттары Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.
-
Өскеменде шартты түрде сотталғандар сот талаптарын орындамаған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бас бостандығын шектеу шартын бұзған өскемендік бес тұрғын бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
-
1406 байланыс орталығына хабарласушылар саны 2 есе артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1406 байланыс орталығына КВИ-ға тест тапсыру мәселесі бойынша хабарласушылар саны 2 есе артты.
-
Проблемалық алименттер саны қаншаға азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Проблемалық алименттер саны қаншаға азайғанын Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Берік Беркімбаев Әділет министрлігінің есептік кездесудің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты.
-
Атырауда Татуласу орталығы ашылды
Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде орталықтың ашылуы өңір тұрғындары үшін айтулы оқиға екенін атап, дауларды соттан тыс реттеу институтын дамыту туралы Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен Президент тапсырмаларын еске салды.
-
Министр: Қазақстанда сатылған әрбір екінші жаңа көлік - отандық өнім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдары машина жасау саласында өндіріс көлемі 5 есе өсті.
-
Жылжымайтын мүлік иелері енді тіркеу шығынын өтемейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді жылжымайтын мүлік иелерінің тіркеуші органға жүгінудің және осы өзгерістерді тіркеу бойынша шығындарды көтерудің қажеті жоқ.
-
2017 жылдан бері мыңнан аса пара беру дерегі тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2017 жылдан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 1000 аса пара беру дерегін тіркеді.
-
Қорғаныс костюмдерін тігетін 3 кәсіпорын іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
-
Журналист вируспен күресудің шығыны аз, оңай әдісін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық теларналарда бірнеше бағдарламаны жүргізген, Қытайда тәлім алған журналист Ертай Нүсіпжанов вируспен күресудің Оңтүстік Корея қолданған тәсілін қолдануды ұсынды.
-
Әділет органдарының штаты 30%-ға қысқартылды - Бекетаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Жолдауын іске асыру мақсатында әділет органдары қызметкерлерінің штат санын 30%-ға (689 штаттық бірлік) оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді.
-
Қайрат Құдайберген жылап тұрып үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ыстығы көтеріліп, коронавирус белгісі бар-жоғын анықтайтын тест тапсырған кәсіпкер әрі Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген халыққа үндеу жолдады.
-
Бұдан былай кез келген куәлікті кез келген жерден алуға болады - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді азаматтар қандай да бір куәлік алуды қай өңірде туғанына, тіркелгеніне немесе тұрғанына қарамастан кез келген тіркеуші органнан қалауы бойынша ала алады.
-
Адвокаттар кәсіби қызметін сақтандырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адвокаттар кәсіби қызметін сақтандырады деді Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдындағы есептік кездесуінде.
-
Қазақстан ғалымдары жарап тұр! 6 күнде вирусты анықтайтын тест жүйесін әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан ғалымдары 6 күнде коронавриустың бар-жоғын анықтайтын сенімді ПТР-тест жүйесін әзірлеген.
-
Борышкерлердің нөміріне іс қозғау туралы SMS жіберіледі - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді нөмірлер тіркелген жағдайда борышкерлердің телефондарына іс қозғау және ол бойынша қабылданған іс жүргізу әрекеттері туралы ақпарат бар SMS-хабарлама келіп түсетін болады.
-
Ақтау жедел жәрдем стансасы 3 реанимобильмен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының тапсырмасы бойынша "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ коронавирус індетіне қарсы күрес аясында Ақтау қаласының жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасына үш жаңа реанимобильді сыйға тартты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
-
ҰҰК бұрынғы басшысы бостандыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев 18 маусым күні таңертең шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
-
Жануарлардың аса қауіпті аурулары азайды - АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
-
Таласпай, кезекпен ауырыңыздар - коронавирус жұқтырған журналист
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында коронавирус жұқтырып алған журналист Ардабек Солдатбай бұл дерт біреуге ауыр, біреуге жеңіл тиеді деп отыр.
-
Әбдіқалықова медицина қызметкерлерін құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова медицина ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
-
Жоспарлы вакцинация қайта басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты.
-
Мамин карантиннен шыға сала жаңа тапсырмалар берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзін-өзі оқшаулаған Асқар Мамин онлайн үкімет отырысын өткізіп, министрлер мен әкімдерге жаңа тапсырма берді.
-
Илон Маскқа айып тағылды
2015 жылы миллиардер құрылысты кеңейту үшін 35 үйі бар ауылда жылжымайтын мүлікті сатып ала бастады.
-
64 инфекциялық ауруға мониторинг жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы коронавирустық инфекцияны қоспағанда, басқа инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
-
Коронавирус: Қазақстан АҚШ, Канада, Австрия, Италиядан асып кетіпті...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 1 КВИ жағдайына 78 тестен келеді. Бұл - Ресей, АҚШ, Канада, Австрия, Италиядағы тестілеу деңгейінен жоғары.
-
Назарбаев Университетінің президенті Назарбаевқа хат жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Назарбаев Университеті және "Júsan" компаниялар тобы атынан хат жолдады.
-
Мамин өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты.
-
Қазақстан ОПЕК+ шарттарын орындауға дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысы өтті. Оған ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты.
-
Бүгін Балқашта ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер мәліметінше, бүгін ауа сапасының нашарлауы Балқаш қаласында күтіледі.
-
Коронавирус белгісі жоқ тағы 778 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 778 тасымалдаушы тіркелді.
-
Жұма, 19 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 19 маусым, жұма күніне арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
-
Елімізде өткен тәулікте 474 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикада өткен тәулікте 474 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
ШҚО-да 20 мыңнан астам тұрғын таза ауызсумен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда сумен жабдықтау және суды бұруға арналған 130 жоба жүзеге асырыла бастады.
-
Шымкентте жеке инвесторлар есебінен 126 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте ауданы 594 мың шаршы метрді құрайтын 126 тұрғын үй жеке инвесторлардың қаржысына салынуда. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Маңғыстауда бірнеше су тұщыту зауыты ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Суы тапшы өңірде ауызсуды табу және оны тиімді пайдалану – басты мақсат. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов судың көлемін көбейту бағытында жүргізіліп жатқан жаңа жобаларды атап өтті.
-
Түркістан: Микрокредиттік ұйымдар мен ломбард жұмыстары бақылауға алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан облысындағы өкілдігі 1 шілдеге дейін қаржылық ұйымдардың ресми тіркелуін қадағалап, кейін тексеру жүргізеді. Нәтижесіне қарай шара қолданылады. Бұл туралы брифингте агенттіктің Түркістан өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Нұржан Орманов мәлімдеді.
-
Жамбыл облысында демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ағымдағы жылдың 20-21 маусым аралығында облыс орталығында карантиндік шаралар күшейтіледі.
-
Біріккен күрес әлемі қауымдастығы қыркүйектен бастап халықаралық жарыстар өткізбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен күрес әлемі қауымдастығы қыркүйектен бастап халықаралық жарыстар өткізеді. Бұл туралы қауымдастықтың онлайн өткен жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Атырау облысында мыңнан аса медицина қызметкері коронавируспен күресуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында мыңнан аса медицина қызметкері коронавируспен күресуде. Бұл туралы онлайн брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаева мәлімдеді.
-
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 300-ден астам бос жұмыс орны құрылды – Жезқазған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған қаласында Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 40 жоба жүзеге асырылуда, бұл мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Ол туралы қала әкімі Қайрат Бегімов онлайн-режимде өткен брифингте мәлімдеді.
-
Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфирде аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров пен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров хабарлады.
Наверх