Жамбыл облысында демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі

19 Маусым 2020, 04:43
1199
Бөлісу:
Жамбыл облысында демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ағымдағы жылдың 20-21 маусым аралығында облыс орталығында карантиндік шаралар күшейтіледі.

22.00-ден 06.00-ге дейінгі уақыт аралығында қалада халықтың қозғалысына шектеу қойылады.

Саябақтардың, алаңдардың және скверлердің жұмысына тыйым салынады.

Субұрқақтарда, "Зербұлақ" демалыс аймағында, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде (Талас өзенінің жағасында, қала арналарында және т.б.) шомылуға тыйым салынады.

Сондай-ақ 65 жастан асқан адамдар мен қандай да бір ауруы бар "қауіп тобына" кіретін тұрғындардың аса қажет болмаған жағдайда үйден шығуы шектеледі.

Облыс орталығының тұрғындары үйден тыс жерлерде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.

Барлық жерде бетпердесіз жүруге, сонымен қатар бұқаралық отбасылық және спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.



Өзгелердің жаңалығы