Әділет органдарының штаты 30%-ға қысқартылды - Бекетаев

19 Маусым 2020, 11:49
1628
Бөлісу:
Әділет органдарының штаты 30%-ға қысқартылды - Бекетаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Жолдауын іске асыру мақсатында әділет органдары қызметкерлерінің штат санын 30%-ға (689 штаттық бірлік) оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.

Аумақтық әділет органдарының 265 бөлімі оңтайландырылды, 217 Әділет басқармасы 59 ауданаралыққа біріктірілді. 30 мың шаршы метр алаң мен 109 көлік құралы босатылды. Бюджет қаражатын үнемдеу шамамен 2 миллиард теңгені құрады, - деді министр. 

Бекетаев биылғы 1 ақпаннан бастап министрліктің барлық аумақтық бөлімшелерінде факторлық-баллдық шкала бойынша еңбекақы төлеудің пилоттық жобасы енгізілгенін айтты.

Нәтижесінде орта буын қызметкерлердің жалақысы 63%-ға көтерілді. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі министрлікке жүктелген міндеттерді орындау жалғастырылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы