"7-20-25" бағдарламасы аясында қарыз беруге 33 005 өтінім қабылданды

19 Маусым 2020, 22:21
1371
Бөлісу:
"7-20-25" бағдарламасы аясында қарыз беруге 33 005 өтінім қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша қарыз алуға 378,42 млрд теңге сомасына 33 005 өтінім қабылданды. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижесінде 224,12 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 387 өтінім мақұлданды. "7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз, - делінген хабарламада.  

 

Өзгелердің жаңалығы