Мәжіліс депутаттары Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

19 Маусым 2020, 13:20
1198
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттар Елбасының сарқылмас күш-қуаты мен ерік-жігерлік қасиеттері оған коронавирус індетін жеңуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Халық қалаулыларының пікірінше, Тұңғыш Президенттің кез келген жағдайдан жол табатын ерекше қабілеті еліміздің қиын-қыстау уақыттарға төтеп беріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары осы күні барлық қазақстандықтардың Елбасына шынайы жанашырлық танытуы, халықтық қолдауын айғақтайтынын атап өтті.

Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығуын және ұзақ ғұмыр тілейміз, - деді Мәжіліс депутаттары.

 

Өзгелердің жаңалығы