БҰҰ: Әлемдегі босқындар саны 80 миллионға жетті

19 Маусым 2020, 22:51
2460
Бөлісу:
БҰҰ: Әлемдегі босқындар саны 80 миллионға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі босқындар саны 80 миллион адамға жетті, бұл – БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының қызмет еткен уақытында тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп жазды ru.euronews.com.

Ұйымның жыл сайынғы баяндамасының мәліметтері бойынша, 46 миллионға жуық адам өз елінің шегінде мәжбүрлі қоныс аударушыға айналды, қалғандары басқа мемлекеттерге қашып кеткен. Венесуэла босқындар саны бойынша Сириядан кейінгі екінші орында тұр.

Пандемияға байланысты шекаралардың жабылуы салдарынан босқындарға баспана алу құқығына қатысты тыйым жайы алаңдатады. Біз шекараларда қоғамдық денсаулықты қорғауды гуманистік жолмен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар екенін атап өткіміз келеді. Бұл баспана мен қорғауды қажет ететін адамдарға қауіпсіз түрде өтініш беруге мүмкіндік береді. Карантиндік рәсімдер, қашықтан бағалау және басқа да тетіктер Қоғамдық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес осы құқықты сақтауға кепілдік беру үшін пайдаланылуы мүмкін, - деді Босқындар істері жөніндегі ЖКБ жоғарғы комиссарының орынбасары Джиллиан Триггс.

Грекияда баспана беру туралы өтініштерді қабылдау 18 мамыр күні үш айлық үзілістен кейін қайта басталды. Бүгінде босқындардың жалпы санының 30-40%-ы лагерьлерде тұрып жатыр.

БҰҰ босқындар үшін қайтару перспективалары азаятынын атап өтті. Егер 1990 жылдары жыл сайын орта есеппен 1,5 млн адам отанына оралса, соңғы онжылдықта бұл сан жылына 385 мыңға дейін төмендеді.

Өзгелердің жаңалығы