Бекшин тест орталықтарының жұмысы қашан іске қосылатынын айтты

19 Маусым 2020, 19:53
1086
Бөлісу:
Бекшин тест орталықтарының жұмысы қашан іске қосылатынын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн брифинг барысында Алматы қаласы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирустың бар жоғын анықтайтын тест орталықтарының жұмысына тоқталды.

Оның айтуынша, соңғы апталарда қаладағы жағдай күрделене түскен. Науқастардың саны артып, диагностика жасауға салмақ салған.

Соңғы аптада жұртшылық тарапынан ПТР тест өткізуге сұраныс күрт артты. Қазір талдау орталықтарының аспаптары істен шығып жатыр, қазір "Олимп" орталығының аспаптарын жөндеу керек. Одан бөлек, Кореялық медициналық орталықта да кейбір аспап жетпей жатыр. Сол себепті олардың жұмысы тоқтап тұр. Кейбір тұрғын айына төртінші рет тесттен өтіп жатыр, - дейді Бекшин.

Сондай-ақ, ол бүгіннен бастап жұмысын тоқтатқан "Олимп" КДЛ орталығының жұмысы 22 маусымнан қайта іске қосылатынын айтты.

Сейсенбі күні Кореядан аспаптар жеткізіледі. Ал сәрсенбіден бастап кореялық әріптестеріміз ақылы негізде жұмыстарын қайта бастайды. Сонымен қатар, біз ЖИТС-тің және ұлттық аса қауіпті инфекция орталығының екі зертханасын іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы