Проблемалық алименттер саны қаншаға азайды

19 Маусым 2020, 12:43
1934
Бөлісу:
Проблемалық алименттер саны қаншаға азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Проблемалық алименттер саны қаншаға азайғанын Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Берік Беркімбаев Әділет министрлігінің есептік кездесудің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты.

Бүгінгі таңда елімізде сот орындаушылардың қарауында 210 мыңға жуық алименттік өндіріс болса, оның 5 пайызы - проблемалық. 2019 жылы бұл көрсеткіш 18 мыңға жуық болған. Былтыр жергілікті атқару органдарымен жүзеге асырылған меморандумдар нәтижесінде 7-8 айдың ішінде алименттер санын 6,5 мыңға төмендеттік, - деді ол. 

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар 38-ге жуық жәрмеңке ұйымдастырды.
Оның нәтижесінде 2200-ге жуық жұмыс таба алмай жүрген, берешегі бар адам жұмыс тапты. 500-ге жуық ақшасын төлемей жүрген азаматдың көліктерін ұстап, оларды автотұраққа қоюдың нәтижесінде қаржы төленді. 50-ге жуық адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Осы шаралардың негізінде проблемалық алименттердің санын төмендеттік, - деді Берік Беркімбаев.

Өзгелердің жаңалығы