Назарбаев Университетінің президенті Назарбаевқа хат жолдады

19 Маусым 2020, 09:23
1406
Бөлісу:
Назарбаев Университетінің президенті Назарбаевқа хат жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Назарбаев Университеті және "Júsan" компаниялар тобы атынан хат жолдады. 

Өз сөзінде Шигео Катсу Елбасына үнемі қолдау көрсеткені үшін Назарбаев Университетінің студенттері, оқытушылары, бүкіл қауымдастығы атынан алғысын білдірді және Júsan компаниялар тобымен бірлесіп шын көңілден зор денсаулық, қажымас күш-қуат, ұзақ ғұмыр тіледі.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайда басталған, жергілікті денсаулық сақтау мәселесі болып көрінген COVID-19 індеті бірнеше апта мен айдың ішінде апатты ауқымдағы жаһандық індетке айналып, қоғамдағы және елдер арасындағы өзара іс-қимыл сипатын дереу өзгертті. Өте жұқпалы COVID-19 физикалық әлеуметтік қатынастарды тоқтатуға және олар осалдана бастаған кезде адамдардың оқшаулануына әкелді. Пандемия әлеуметтік жаратылыс ретіндегі адамдардың табиғатын бұзады және адамзаттың негізіне зиянын тигізеді, – делінген Елбасыға жазылған хатта.

Өзінің хатын Шигео Катсу: "Біз Сізбен  қашанда біргеміз!" деген сөздермен қорытындылады.

Сонымен қатар "Астана Опера" театрының ұжымы да Елбасыға денсаулық тіледі.

Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шеше отырып, Сіз "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан ұлтымыздың рухани қазынасына әрдайым айрықша көңіл бөлудесіз. Ол шығармашылыққа серпін беріп, Қазақстанның өнерін дүние жүзіне паш етуге мүмкіндік ұсынды. "Астана Опера" театрының ұжымына ҚР Мемлекеттік сыйлығының берілуін мақтан тұтамыз! Бұл бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырды әрі мәдениет пен өнердің әлемдік орталығы атанудағы мақсатымызға деген дұрыс қадамымызды нақтылады. "Астана Опера" театрының ұжымы Сізге зор денсаулық, амандық, тезірек сауығып кетуіңізді тілейді, - делінген хатта.

Өзгелердің жаңалығы