Сағынтаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Сағынтаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
844

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев facebook-тегі парақшасында медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Гиппократ антына адал ақ халатты абзал жандар, Сіздер уақыт сынына төтеп бере білдіңіздер. Коронавируспен күресте сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз үшін барша алматылықтардың атынан алғысымды білдіремін. Адам саулығының қорғаны болып жүрген бұл мамандық иелерінің беделіне баға жетпейді, - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында байқаулар өткізілетінін айта келе, биыл мамандықтың үздігін анықтайтын бұл байқау 13 номинация бойынша өткенін жазды. 
Атап айтқанда, үздік дәрігер және медбике, үздік инфекционист, емхана мен жедел жәрдемнің үздік дәрігері, сондай-ақ, үздік жүргізуші. Байқасаңыз, әр мамандықтың еңбегі өте маңызды. Сондай-ақ, бес медицина қызметкерінің еңбегі қала алдындағы ерекше еңбегі үшін берілетін "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Жауапкершілігі мол, жүгі ауыр сала қызметкерлеріне шыдамдылық тілеймін! Жақындарыңыз аман болсын! - деп жазды әкім.


Фото: ашық дереккөз