Министр: Қазақстанда сатылған әрбір екінші жаңа көлік - отандық өнім

19 Маусым 2020, 12:20
2732
Бөлісу:
Министр: Қазақстанда сатылған әрбір екінші жаңа көлік - отандық өнім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдары машина жасау саласында өндіріс көлемі 5 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Машина жасау - өңдеуші өнеркәсіптің серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдары салада өндіріс көлемі 5 есе өсті. Салаға тартылған инвестициялар көлемі үш есе өсіп, 50 млрд теңгені құрады. Экспорт көлемі шамамен 3 есеге артып, 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, 1 трлн 372 млрд теңгеге өнім өндірілді. 2020 жылдың бес айында 535 млрд теңгеге өнім өндірілді. Өсім 18,5 пайызды құрады. Бүгінде бұл салада шамамен 3 мың кәсіпорын жұмыс істейді, онда 65 мың адам еңбек етеді. Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдары машина жасау саласында 367 млрд теңгеге 128 жоба іске асырылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, - деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, 2019 жылы еңбек өнімділігі 16 мың АҚШ долларын құраған. Экспортталатын өнім қатары кеңейтіліп, қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындар Ресей, Қытай, Әзербайжан, Тәжікстан, БАӘ, Түркіменстан және т.б. елдерге өнім экпорттайды. 

Машина жасау өнімдерінің жаңа түрлері жолаушылар вагондары, электровоздар, теміржол доңғалақтары мен белдіктері, бағыттамалы бұрамалар өндірісі ұйымдастырылды. "Asia Trafo" АҚ ТМД елдері аумағында бірінші болып қуаты 500 мегавольт/амперге дейінгі қуатты трансформаторлар өндірісін игерді. Машина жасау салалары арасында жоғары нәтижені көлік құрастыру бағыты көрсетіп отыр. Мұндағы өндіріс көлемі 24,5 есеге өсіп, инвестициялардың жыл сайынғы ағыны 14,4 есеге артты. Қазақстандық автоөнеркәсіп өнімі экспорттық нарыққа шықты. Бұл ретте ел ішінде сатылған әрбір екінші жаңа жеңіл көлік - отандық өнім. Саланың басты кәсіпорындары – "Сарыарқа АвтоПром", "Hyundai Trans Auto", "АзияАвто", "КАМАЗ – Инжиниринг", "СИМАС" және "Daewoo Bus Kazakhstan". 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында жалпы құны 173 млрд теңгеге 26 810 көлік өндірілді. Өсім 47%-ды құрады. Осы кезеңде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанға 1659 жеңіл автокөлік экспортталды, - деді ол.

Бейбіт Атамқұлов Алматы қаласында салынған "Hyundai Trans Kazakhstan" зауытының қуаттылығы жылына 45 мың жеңіл көлік шығаруға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

Бірінші кезең - 2020 жылдың наурыз айында сәтті іске қосылды. Шанақты балқыту мен бояу бойынша технологиялық операциялар есебінен автомобильдерді ұсақ тораптық жинау іске асырылатын болады. "Сарыарқа АвтоПром" "Өзбек АвтоПроммен" бірге Ravon, Chevrolet экспортқа бағытталған автокөліктері өндірісі сынды бірқатар маңызды инвестициялық жобаны іске асырып отыр. Қарағанды облысының Саран қаласында "Казтехно" компаниясы қытайлық компаниямен бірлесіп, "Youtong" автобустары, "Казтайр тех" компаниясы "Doublestar" компаниясымен бірлесе отырып, жеңіл автокөліктер үшін 3 млн және коммерциялық техника мен автобустар үшін 500 мың шина шығаратын жоба, "КамАЗ" АҚ бірлесіп, құю зауытын салу жөніндегі жобалар іске асырылуда, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы