Все новости за 4 ақпан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматыда қысқы жүгіру өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 ақпанда Алматыда Қысқы жүгіру өтеді. Оған шамамен 1500 әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде. Жүгіру қаладағы ең үлкен әл-Фараби даңғылында өтеді. Жолдар 3 сағатқа – таңғы 8:30-дан 11-30-ға дейін жабылады.
-
"Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістер, келешегі" жинағы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл сот жүйесі туралы негізгі ақпараттар жинағы, деп жазды Жоғарғы соттың ресми сайты.
-
Солтүстік Қазақстанда су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқынына дайындық мерзімінде "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңның талаптарын сақтау Солтүстік Қазақстан облысының қадағалау ведомствосында өткен алқа отырысында қаралған негізгі сұрақ болды.
-
Ақтауда қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастау алып, 2 күнге созылатын бәсекеде 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер 10 салмақ дәрежесінде белдесуге түседі.
-
Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында өткен жылы 238 қоғамдық көлік жаңартылған. Оның 66-сы 2018-2019 жылғы шыққан жаңа автобустар саналады.
-
Елордадағы Қорғалжын тасжолының бойына 300 түп ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елорданы көгалдандыру мақсатында Қорғалжын тасжолының бойына 300 түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов халықпен есептік кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Батысқазақстандық рөлге отыру құқығынан өмір бойына айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстанда Жәнібек ауданы прокуратурасымен көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйде көлік құралын басқару фактісі бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығына тиісті қадағалау ұйымдастырылды.
-
Еңбек адамдарының мүддесін қорғайтын меморандум жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "Nur Otan" партиясы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Андраденің келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) келесі жекпе-жегінде екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жұдырықтаспайды, деп жазады Prosports.kz.
-
Елімізде май өндірісі 34% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 132,7 мың тонна тазартылған және 190,1 мың тонна тазартылмаған май өндірілді, деп жазады energyprom.kz.
-
Ақтөбенің ет өнімдеріне басқа елдерден сұраныс артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр 2018 жылмен салыстырғанда халықаралық нарыққа екі есе ет экспортталған, деп хабарлады Aktobenews.kz.
-
Балабақшада сорпаға күйген балаға қатысты іс тоқтатылды
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық соттың судьясы Гүлмаржан Әділсұлтани айыпталушылар мен жәбірленуші тараптың өзара келісімге келуімен бұл істі тоқтатуға шешім шығарды.
-
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі бір жылда 3% өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,3%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,6%), Шығыс Қазақстан (8,8%) және Қарағанды (8,7%) облыстарына келеді.
-
Еуровидение: Димаш ресейліктердің ұсынысынан бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Еуровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түскенін және бұл байқауға шақырса тек қонақ ретінде ғана қатысуы мүмкiн екенін айтты.
-
Конституциялық кеңес қосымша қаулы қабылдады
Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми отырысты аша отырып, аталған өтініште Кеңес мүшелерін тағайындау тәртібін нақтылау жөнінде сұрақ қойылғанын атап өтті.
-
Қазақстан-Өзбекстан сауда-экономикалық орталығы құрылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқасындағы 2019 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланып, 2020 жылға арналған жоспарлар айтылды.
-
Елорда мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.
-
Пара дзюдодан ел чемпиондары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Чемпионаттың алғашқы күнінде 4 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар белгілі болды.
-
"Енді ешқашан". Израиль қазақстандықтардың қиын сәттегі көмегін есте сақтайды – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Израиль жұрты қазақстандықтардың Холокост құрбандарына пана болып, қамқорлық көрсеткенін ешқашан ұмытпайды. Мұндай пікірді Қазақстандағы Израиль мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексальман айтты.
-
ҚР АШМ: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жеткілікті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров премьер-министр Асқар Маминге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері өндірісі және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау шаралары туралы баяндады.
-
Анна Франк күнделігі қазақ тілінде жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2005 жылдан бастап 27 қаңтарда БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен дүние жүзінде Холокост құрбандарын еске алу күні аталып өтеді.
-
Алматыда коронавирусқа қарсы жұмыстар жалғасуда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қалада ҚХР азаматтары жұмыс істеп жатқан 72 кәсіпорын бар және онда 188 қытай азаматы жұмыс істеп жатыр. Оларды тексеріп тұру жұмысы жалғасуда, ешқайсынан қауіпті вирус шыққан жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында айтты.
-
Өскемен әуежайы жөндеуден соң халықаралық деңгейге көтерілмек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қайта жөндеу жұмыстары көзделген Өскемен әуежайы алдағы уақытта халықаралық әуежайға айналып, жолаушылар мен жүк қабылдау көлемін ұлғайтпақ.
-
Уханьнан елге оралғандармен байланыс жасауға болмайды – Диас Ахметшәріп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ухань қаласынан келген азаматтармен карантин уақыты біткенше, яғни 16 ақпанға дейін кездесуге болмайды.
-
Қазақстанда 36 мыңнан астам адам обырға шалдыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай жаһандық обырға қарсы күрес акциясына қатысатынын мәлімдеді.
-
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.
-
Абай-175: Құнанбай туралы кітап шықты
Ал "Неге Құнанбай?" деген сұраққа келер болсақ, біз Құнанбайды Мұхтар Әуезовтің "Абай жолындағы" кейіпкер сияқты қабылдап келдік.
-
Өскеменнің еріктілері жалғызбасты адамдарға қолұшын созуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Біз біргеміз" акциясы аясында жұдырықша жұмылған еріктілер көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазартуда.
-
Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
-
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығымен Казутин Николай Юрьевич Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
-
Жыл сайын 35 мыңнан аса адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан 36 345 адам тіркелген, яғни 100 мың халыққа шаққанда 196,4 жағдайды құрайды. Бұл туралы еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай өткен брифинг барысында айтты.
-
Өзімді-өзім қамшылап, финалға жеттім – кадрлық резерв жеңімпазы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күні кеше Президенттік кадр резерві жасақталды. Тың бастаманың нәтижесінде ел игілігіне қызмет ететін 300 талантты жас суырылып шықты. Бақсақ, жастар резервіне кіргендер – үкіметте еш тамыр-танысы жоқ, қарапайым ауылдан шығып, өз күшімен көтерілген, я болмаса шетелден білім алып келген озық ойлы мамандар екен. Яғни, бұл байқауда "бармақ басты, көз қысты" әрекеттерге жол берілмегені, әділ әрі жария өткені байқалады.
-
"Жанұя" орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында кезекті шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілетіндігін хабарлайды.
-
Қазақстанда орташа айлық мөлшері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлауынша, 2019 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 203 883 теңгені құрады.
-
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Bek Air клиенттерінің құқығын қорғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының сотына Bek Air компаниясының қызметіне тұтынушылар құқықтары бұзылуы туралы талап арыз берді.
-
Елордалық волонтерлар жалғызбасты ананың қар басқан үйін тазалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл қардың мұнша көп түсуі қар аршу ісінің машақатын арттырып отыр. Бас шаһардың Сарыарқа ауданындағы жер үйде тұратын жалғызбасты ана Маржан Ахметжанова аудандық әкімдікке қалың қар басып қалған ауласын тазалап беруін өтініп, көмек сұраған екен. Арада тұп-тура 11 минут өткенде "келіп, тазалап береміз" деген жауап келген. Осылайша, бүгін елордалық еріктілер әкімдіктің қолдауымен астаналық тұрғынның үйін үйіліп қалған қардан аршып берді.
-
Коронавирус: 250-ге жуық қазақстандықтан сараптама алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық сараптама орталығы мен Орталық референс-зертхана мамандары зерттелінетін материалдарда 2019-nCov коронавирусты анықтау бойынша жүргізілген зертханалық зерттеулерде вирус табылмады.
-
Қазақстан туризм саласы дамушы елдер рейтингіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық беделді TheTelegraph басылымы Қазақстанды ең қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттар тізімінде атап өтті.
-
Тез ояну үшін будильникке қандай әуен қою керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корольдік технологиялық университеттің (Австралия) қызметкерлері адамның тез оянып, сергек жүруіне будильниктегі әуеннің әсері бар екенін анықтады.
-
Күршімге өтетін көпір құрылысы биыл басталады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұқтырма суқоймасының үстінен Күршім ауданына өтетін көпірдің құрылысы биыл басталуы мүмкін.
-
Тоқаев пен Мамин коронавирустың ел экономикасына әсерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Пара дзюдода "жұлдызым жанды" – Азия чемпионы Дәулет Теміржан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азия чемпионы Дәулет Теміржан көзінен жарақат алғаннан кейін пара спортқа келген.
-
Ескертемін: Мамин әкімдерге 1 апта уақыт берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге бағаны ерекше бақылауда ұстап, ол өзгерген жағдайда жедел шараларды қабылдауы тиіс екенін айтты.
-
Пара дзюдоға қызығатын қыздар жағы ақсап келді – жаттықтырушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан пара дзюдодан ел чемпионатына бар-жоғы 5 қыз қатысып жатыр. ҚР пара дзюдодан бас жаттықтырушы Жандос Қиянов мұның өзі үлкен көрсеткіш деп отыр. Себебі бұған дейін елімізде пара дзюдомен айналысатын қыздар болмаған.
-
Түркістан облыстық сотының судьясы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.
-
Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
-
Нұр-Сұлтанда пара дзюдодан ел чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 4-5 ақпанда ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионы анықталады.
-
3 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұсталған азаматқа 29 жасар әйелдің өліміне қатысы бар деген айып тағылып, мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.
-
Боранды күндері жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылғанда тыңдамай жолға шығатын жүргізушілерге айыппұл салуды қарастырып жатыр.
-
Талдықорғанда ер адам қызметтесін атып өлтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері 38 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын қызметтесін атып өлітірді деген күдік бойынша ұстады.
-
2020 жылы кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып берді.
-
Бюджеттен бөлінген 3 млрд теңге бос жатыр - Бақыт Сұлтанов
Біз оны "айналым схемасы" деп атадық және өңірлерді оны белсенді пайдалануға бірнеше рет шақырдық. Алайда, бұл құралды Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа еш жер қолданбаған.
-
Көкшетауда тегін спорт секциялары ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда тегін спорт секциялары жұмыс істей бастады, деп жазды "Хабар 24".
-
Жамбыл және Павлодар облыстарында қант зауыты салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығару туралы баяндады.
-
Министр коронавирус ошағы – Қытайдан тауар тасымалдау тоқтамағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирус тарап жатқан Қытайдан Қазақстанға тауар тасымалдау тоқтамағанын айтты.
-
Министр Бақыт Сұлтанов әкімдерге қатты ашулы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.
-
Қарағанды. 2020 жылға жоспар: 630 мың шаршы метр тұрғын үй
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп, өткен жылдан 1,5 есеге көп баспана салу жоспарлануда. Бұл жайында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мәлімдеді.
-
Қытайда коронавирустан 425 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда 2019-nCoV коронавирус жұқтырғандардың 2,1% қайтыс болды.
-
Қазақстан "C5+1" министрлік кездесуіне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "С5+1" министрлік кездесуіне қатысты.
-
Екібастұздағы талантты қызға кибер-протез жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туғаннан бастап сол қолының буыны жоқ 9 жасар Нарминге қазақстандық Cyberfund қайырымдылық ұйымы көмектеспек, деп жазды pavlodarnews.kz
-
4 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігі атлантикалық циклонның ықпалында. Сондықтан ел аумағының бірқатар бөлігінде 4 ақпан күні жауын, қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Қазақстан Сингапурмен халықаралық мультимодальды көліктік-логистикалық хаб құруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қазына іздеушілер ежелгі монеталардың рекордтық қазынасын тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық Джерси аралынан табылған ежелгі монеталар Ұлыбритания тарихындағы ең үлкен қазына ретінде танылды. Бұл жазба Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Daily Mail сайты.
-
Қаңтарда инфляция 0,7% болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтарда Қазақстанда инфляция 0,7% құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады.
-
Түркістан әкімі ай сайын "Ашық есік күнін" өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдау үшін "Ашық есік күнін" өткізді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Зейнетақы жинағын мақсатты пайдалану туралы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс тобы әзірлеген жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану нұсқасы туралы айтты. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жастарға кеңес беру орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде жастарға кеңес беру орталығы ашылды. Бұл жайында ҚазАқпарат сайтында жарияланды.
-
Жүрек ауруын асқындырмау әдісі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пенсильвания штатының университетінің ғалымдары өсімдік негізіндегі диета арқылы жүрек-тамыр жүйесіндегі проблемалардан аулақ болудың жолын тапты. Бұл туралы MedicalXpress-тегі баспасөз хабарламасында айтылды.
-
Жәрдемақының мерзімі ұзаруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жөнінде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz
-
Маған МакГрегормен реванш қызық емес – Хабиб
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен реванш өткізуге қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлады Prosports.kz.
-
Ерте адамзат тарихы қайта қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Принстон университетінің ғалымдары алғаш рет африкалықтардағы неандертальдардың генін анықтады, бұл ерте адамзат тарихын қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұрын қазіргі адамдардың жойылып кеткен туыстарының ДНҚ-сы тек африкалық емес популяцияларда кездеседі деп есептелген. Бұл туралы Science Alert хабарлады.
Наверх