Қазақстан туризм саласы дамушы елдер рейтингіне енді

4 Ақпан 2020, 13:16
1677
Бөлісу:
Қазақстан туризм саласы дамушы елдер рейтингіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық беделді TheTelegraph басылымы Қазақстанды ең қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттар тізімінде атап өтті.

Бұл жаңалықпен NewYorkPost, MSN және Traveler және тағы басқа бірқатар ірі бұқаралық ақпарат құралдары да бөліскен.

Басылымның хабарлауынша, Орталық Азия аймағы қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттардың біріне айналуда. Басылым рейтингінде Қазақстан 21 орынға жайғасқан.

Аталған рейтингке елге келуші азаматтар санының өсу динамикасы 10%-дан жоғары, туристер саны 1 млн-ға жеткен елдер ғана кірген.

Басылым Орталық Азия аймағының жоғары көрсеткіштеріне сәйкес, елде визалық режимді жеңілдету және белсенді маркетингтік науқандар жүргізу қажеттігін ерекше атап өткен.

Өзгелердің жаңалығы