Тоқаев пен Мамин коронавирустың ел экономикасына әсерін талқылады

4 Ақпан 2020, 12:26
1321
Бөлісу:
Тоқаев пен Мамин коронавирустың ел экономикасына әсерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды. 

Қазақстан президенті Үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы