Елордадағы Қорғалжын тасжолының бойына 300 түп ағаш отырғызылады

4 Ақпан 2020, 21:41
1652
Бөлісу:
Елордадағы Қорғалжын тасжолының бойына 300 түп ағаш отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елорданы көгалдандыру мақсатында Қорғалжын тасжолының бойына 300 түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов халықпен есептік кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлады Елорда Инфо.

Осы жылы Қорғалжын тасжолының бойына 300 түп ағаш отырғызамыз. Сондай-ақ Ш.Айтматов көшесінің бойы (Сығанақ көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі бөлігі), "Астана Опера" ғимаратының жаны, Ұлы Дала даңғылының сол жағы (Мәңгілік Ел даңғылынан №38 көшеге дейінгі бөлігі), Арай көшесінің бойы, Тельман тұрғын алабы көгалдандырылады, – деді ол.

Аудан басшысының айтуынша, тұрғын алаптарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша бөлек бағдарлама бар.
Аталған бағдарламаға сәйкес, биыл "Үркер" тұрғын алабында ауқымды жұмыс атқарылмақ. Былтыр асфальтталған жолдардың бойына ағаш отырғызылады. Сонымен қатар "Пригородный" тұрғын алабында гүлзар ашылады, – деді Берік Жәкенов.
Айта кетейік, қазіргі таңда Есіл ауданындағы саябақтар мен гүлзарлардың жалпы аумағы 2 млн 59 мың шаршы метрді құрайды.




Өзгелердің жаңалығы