Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырып келген

4 Ақпан 2020, 15:31
1457
Бөлісу:
Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырып келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. 

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. 

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. 

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.



Өзгелердің жаңалығы