Алматыда қысқы жүгіру өтеді

4 Ақпан 2020, 23:46
1322
Бөлісу:
Алматыда қысқы жүгіру өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 ақпанда Алматыда Қысқы жүгіру өтеді. Оған шамамен 1500 әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде. Жүгіру қаладағы ең үлкен әл-Фараби даңғылында өтеді. Жолдар 3 сағатқа – таңғы 8:30-дан 11-30-ға дейін жабылады.

Жүгірудің бағыты Әл-Фараби даңғылы бойынша Гагарин көшесінің қиылысында бұрылу арқылы өтеді. Бастау-аяқтау қалашығы әл-Фараби даңғылы бойынша "Нұрлы-Тау" бизнес-орталығының көлік қою аумағында орналасады. Толық жолы "Алматы марафон" сайтында орналасқан. 

Жарыста төмендегідей қашықтықтар болады:

- 3 км (10-14 жастағы қатысушылар үшін);

- 10 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);

- 7 км скандинавиялық жүріс үшін.

Биыл 10 км қашықтықтағы жарыстар 4 жас санаты бойынша өтеді:

- 15-34 жас;

- 35-49 жас;

- 50-59 жас;
- 60+.

Алғаш рет ересек жас санатындағы жеңімпаздар анықталады.

Абсолюттік сынақтағы жеңімпаздар, 10 км қашықтықтағы ең жүйрік қатысушылар өзара 200 000 теңге ақшалай жүлдесін бөліседі. Ал өз жас санаттарында бірінші үш орынды иеленетін жүгірушілер медальдар мен серіктестерімізден бағалы сыйлықтар алады. Мәре сызығын кесіп өткен әрбір қатысушы естелік медаль алады.

1 ақпаннан бастап ашық жаттығулар басталды. Енді жылдың басты жүгіру сөресі – "Алматы марафонына" кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен 3 есе жиі дайындала аласыз. Ашық жаттығулар сейсенбі сайын 20.00-де Тұңғыш Президент саябағында, бейсенбі сайын 20.00-де "Атакент" ҚІЫО-да және сенбі сайын 10.00-де дәл сол Атакентте өтеді. Қатысу тегін!

Қысқы жүгіруді "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры, "World Class Almaty"фитнес-клубы, академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #СенБасқасың көпспортты Youtube-арнасы ұйымдастыруда
Өзгелердің жаңалығы