Уханьнан елге оралғандармен байланыс жасауға болмайды – Диас Ахметшәріп 

4 Ақпан 2020, 16:39
1319
Бөлісу:
Уханьнан елге оралғандармен байланыс жасауға болмайды – Диас Ахметшәріп 
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ухань қаласынан келген азаматтармен карантин уақыты біткенше, яғни 16 ақпанға дейін кездесуге болмайды. Тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де. Бұл туралы жаңадан тағайындалған ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп баспасөз брифингінде хабарлады. 

Қытайдан дене қызуымен келген 61 қазақстандық толығымен емделіп, стационардан шығарылды.
94 адам дене қызуымен және ЖРВИ шағымымен оқшауланған ауруханаға жатқызылды. Қазір 33 адам ауруханада қалды. Ал, 61 адам стационардан шығарылды. Күн сайын ауруханадан шыққандардың саны артуда. Науқастардан алынған барлық сынамалар қосымша бақылау үшін Алматыдағы Әйтімбаев атындағы Ұлттық ғылыми ерекше жұқпалы аурулар орталығына беріледі. Карантин біткенше дейін, яғни 16 ақпанға дейін оларға баруға болмайды. Тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де. Денсаулық сақтау министрлігі кеше барлық телеарналар үшін арнайы сюжет түсірді. Ол туралы фейсбук парақшасында да жариялады, - деді Диас Ахметшәріп "ҚазМедиа" орталығында өткен брифинг барысында. 
Бұдан басқа, министрліктің ресми өкілінің айтуынша, халықаралық ұйымдар коронавирус туралы 200-ге жуық жалған фактілерді тіркеген.
Бұл орайда ол бірқатар тілшілер мен блогерлерге алғысын білдірді.
Біз қауесеттер мен жалған ақпараттарды талдай отырып, олардың шындыққа жанаспайтынын айқын дәлелдеген журналистер мен блогерлерге алғысымызды білдіреміз. Олардың қатарында, әрине, Мұхтар Тайжан, Дмитрий Дубовицкий, Жанна Ильичева, Андрей Чеботарев және Павел Банников ерекше алғысымызды білдіреміз, - деп түйіндеді өз сөзін спикер. 

Айта кетейік, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шаралар жүйелі жүргізілуде және бұл бағытта Қазақстанда қажетті барлық ресурс бар.



Өзгелердің жаңалығы