Анна Франк күнделігі қазақ тілінде жарық көрді

4 Ақпан 2020, 17:08
2888
Бөлісу:
Анна Франк күнделігі қазақ тілінде жарық көрді
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2005 жылдан бастап  27 қаңтарда БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен дүние жүзінде Холокост құрбандарын еске алу күні аталып өтеді.

Бүгін осы арнайы күнге орай ҚР Тұңғыш президенті -  Елбасының  кітапханасында "Анна Франк. Пана: хат түріндегі күнделік" және "Анна Франк. Тарих сабағы" жылжымалы көрмесінің тұсауы кесілді.

фр.jpg

1945 жылдың 27 қаңтарында Совет әскерлері Польша территориясындағы Аушвиц концлагерде қамауда отырғандарды босатты.
Германияда дүниеге келіп, кейін Нидерландта отбасымен фашистерден тығылып жүріп жазған еврей қызы Анна Франктың күнделігінің халықаралық қоғамдастық үшін тарихи маңызы орасан зор. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген "Анна Франг күнделігінің" мазмұнына әрбіріңіз мұқият зер салсаңыз, кішкентай қыздың тағдыры арқылы Холокоспен байланысты миллиондаған адамның қайғысын біріктіріп, нацистік террорды айқындап суреттегені соншалық, көз алдыңызда жан түршігерлік оқиғалар тізбектеліп жатады. Елбасы кітапханасы Қазақстандағы Израиль мемлекеті және Нидерланл корольдігі елшіліктерімен және қандасымыз Раиса Сайранқадыр ханыммен бірлесіп отырған іс-шараның мақсаты – қазақ тіліне аударылған күнделік пен бүгінгі көрме арқылы Анна Франк өмірін түсірген әлеммен, оның тарихымен, сондай-ақ өткен ғасырда орын алған антисематизм, кемсітушілік, қудалау деректермен қазіргі ұрпақты, әсіресе жастарды хабардар ету, - деді Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рақымжанов.
фр1.jpg

Айтуынша, бұл көрме дүние жүзінің 60-тан астам елінде ұйымдастырылған.
Аталған көрме бүгінде әлемнің 60-тан аса мемлекетінде өтті. Ал Қазақстанда 2016 жылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Шымкент, Тараз қалаларында, кейінен Солтүстік Қазақстан өңірінде ұйымдастырылды. Ал бүгіннен бастап бірнеше ай бойы "Анна Франк. Тарих сабақтары" көрмесі елордамыздағы Елбасы кітапханасына келушілердің көзайымына айналып, жас ұрпақты тәрбиелеуге мол үлес қосарына сенімдіміз, - деді Елбасы кітапханасының директоры.
фр3.jpg
Өзгелердің жаңалығы