Батысқазақстандық рөлге отыру құқығынан өмір бойына айырылды

4 Ақпан 2020, 21:24
1629
Бөлісу:
Батысқазақстандық рөлге отыру құқығынан өмір бойына айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстанда Жәнібек ауданы прокуратурасымен көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйде көлік құралын басқару фактісі бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығына тиісті қадағалау ұйымдастырылды.  

2017 жылғы 28 маусымда азамат Н. автокөлік құралын мас күйде басқарғаны үшін ҚК-тің 346-бабының 1-бөлігімен сотталып, 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы және 68070 теңге айыппұл тағайындалған.
Алайда, ол нәтиже шығармай, түзелу жолына түспей, тағы да қылмыс жасаған. Атап айтсақ, 2020 жылғы 13 қаңтарда жол жүру ережесін өрескел бұзып, Жәнібек ауылында мас күйде қайтадан көлік басқарған. Аудандық соттың 2020 жылғы 3 ақпандағы үкімімен ҚК-тің 346-бабының 1-бөлігімен Н. кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы мен көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды, - делінген Бас прокуратураның ақпаратында. 
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.




Өзгелердің жаңалығы