Елорда мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды

4 Ақпан 2020, 18:16
1220
Бөлісу:
Елорда мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.

5 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с жетпек. 

Нұр-Сұлтан қаласында ертең көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

5 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шымкент, пен Түркістан қалаларында ертең күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінді жел соғады.

5 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

5 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы