"Енді ешқашан". Израиль қазақстандықтардың қиын сәттегі көмегін есте сақтайды – елші

4 Ақпан 2020, 17:42
1957
Бөлісу:
"Енді ешқашан". Израиль қазақстандықтардың қиын сәттегі көмегін есте сақтайды – елші
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Израиль жұрты қазақстандықтардың Холокост құрбандарына пана болып, қамқорлық көрсеткенін ешқашан ұмытпайды. Мұндай пікірді Қазақстандағы Израиль мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексальман айтты.

Бүгін "Анна Франктың күнделігі" қазақ тілінде шықты. Кітаптың тұсаукесер рәсімінде Израиль елшісі оның әлемнің 70 тіліне айдарылғанын атап өтті.
Бұған дейін "Анна Франктың күнделігі" оригинал нұсқасы голланд тілінен әлемнің 70-тіліне аударылған болатын. Енді, міне, қазақ тіліндегі нұсқасы да шықты. Күнделік Қазақстан бойынша оқушылар мен ерексектер үшін айрықша жолдау болады. 27 қаңтарда әлем жұрты Холокостың құрбаны болған 6 млн еврейді еске алады. Өткен аптада Израилдің Иеруссалим қаласында Оушвицтен босатылудың 75 жылдығына орай ресми шара өтті. Сол  Холокості еске алу және антисеметизммен күрес рәсімінде әлем бойынша 47 көшбасшы жиналды. Соның ішінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, АҚШ вице-президенті Майк Пенс, Франция президенті Эммануель Макрон және тағы басқа көптеген көшбасшы қатысты. Холокост секілді трагедиялардың болмауы үшін әлем бойынша өшпенділікпен күрес бойынша біз жас ұрпақтың біліміне аса мән береміз. Сол себепті бірнеше жылдан бері осындай шараларға Холокост құрбандарын еске алуға арналған білім жобаларын жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан қаласының мектептерін шақырамыз, - деді Қазақстандағы Израиль мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексальман.
китап1.jpg

Дипломаттың айтуынша, Анна қарапайым отбасында өмір сүрген қарапайым қыз болған. Немістерден жасырын өмір сүрген кезін өз күнделігіне "ережесіз" тілмен жазған. Ол қайтыс болғаннан кейін әкесі күнделігін жариялаған.
Анна Франк Нидерландта өз отбасымен бақытты өмір сүріп жатқан жас қыз болды. Ол – мектеп, отбасы, достары – қағидатын ұстанған қарапайым қыз. Анна жас қыздың күнделігі жарияланғаннан кейін танымал болды. Күнделігінде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде – 1942-1944 жылдары немістердің Нидерландыны отарлау кезіндегі өмірін жазды. Қарапайым тілде жазылған әлемдегі ең танымал шығарма.1944 жылдың қазанында Аннаны концлагерге ауыстырғаннан кейін қайтыс болады. Аннаның әкесі Отто Франк соғыстан кейін Амстердамға келіп, қызының күнделігін өзінің хатшысынан алып, жариялады. Анна Франктың үйі – Амстердамдағы туристік әлеуетті орындарының бірі. Анна Франк атындағы қор Холокост тарихын үйретумен қатар, рацизм және антисеметизммен күресте білім беру, аналар мен балалардың құқығын қорғауды нығайтуды көздейді, - деді Лиат Вексельман.
китап2.jpg

 Елші Холокост құрбандарына, жалпы еврей жұртына қиын сәтте қол ұшын созған Қазақстан халқына алғыс білдірді.
Мен Амстердамдағы Анна Франктың үйі мен музейіне барғанмын. Сол сәт әлі есімде. 1999 жылы "Time" журналы 20 ғасырдың ең маңызды адамдар тізімін жариялағанда Анна Франкты батырлардың тізіміне қосты. Холокост құрбандарының өміріне бейжай қарамаған халық көп болғанын атап өту керек. Соның ішінде Қазақстанға және Орталық Азияның басқа елдеріне мыңдаған еврей көшірілді. Олар Қазақстанда өздерін қауіпсіз сезініп, қамқорлық көрді. Израиль қазақстандықтардың қиын сәттегі көмегін әрдайым есте сақтайды және қадірлейді. Қазір де еврейлер мен басқа ұлт өкілдері де өздерін үйдегідей сезінеді. "Енді ешқашан" лозунгімен Холокост құрбандарының қорлығын ешкім көрмейді деген ұстанымдағы жұмысымызды әрі қарай жалғастыра береміз, - деді Израиль елшісі Лиат Вексальман.
китап3.jpg

Елші сөзін Анна Франктың "Өткенді өзгерте алмаймыз. Бірақ оның қайталануын тоқтата аламыз", "Ештеңеге қарамастан мен адамдардың жүрегі кең екеніне сенемін" деген цитаталарымен аяқтады.

китап5.jpg


Өзгелердің жаңалығы