Тез ояну үшін будильникке қандай әуен қою керек

4 Ақпан 2020, 12:55
2579
Бөлісу:
Тез ояну үшін будильникке қандай әуен қою керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корольдік технологиялық университеттің (Австралия) қызметкерлері адамның тез оянып, сергек жүруіне будильниктегі әуеннің әсері бар екенін анықтады.

Ғалымдар мұндай шешімге өздері жүргізген тәжірибеден кейін келген. Аталған сынаққа 50 адам қатысқан. Тәжірибеге қатысқан еріктілер арнайы құрастырылған сұрақтарға онлайн жауап беріп отырған. Олар күнделікті будильниктің әуені мен ойнау ұзақтығына қарай ұйқыдан тұрғаннан кейінгі өздерінің жағдайларын жазып отырған. Оянғаннан кейінгі жағдайы қалай болды, яғни ұйқы басып тұр ма, әлде сергек оянды ма дегендей.

Сонымен, будильниктерінде баяу әуен ойнаған еріктілер ұйқыдан тұрғанда өздерін сергек сезінетіндерін айтқан.

Біз күнделікті будильникке қоятын "пи-пи-пи" деген құлаққа жағымсыз дыбыс адамды тез оянып, сергек сезінуге көмектеседі деп ойлап келдік. Бірақ біздің тәжірибеміз көрсеткендей, будильникке баяу әуен қойған адамдар ұйқыларынан тез оянып, өздерін сергек сезінетіндерін айтты. Бұл күтпеген жағдай болды, – деді тәжірибе авторы Стюарт Макфарлейн.
Сонымен қатар, профессордың көмекшісі Адриана Дайераның айтуынша, әдеттегі будильникте тұратын жағымсыз дыбыс адамның оянған кезде миының жұмысына кері әсерін тигізіп, оның көңіл-күйіне кері әсер ететінін айтады.

Ғалымдар қасымша зерттеулер арқылы адамның тез оянып, сергек сезінуіне нақты қандай әуен жақсы әсер ететінін әлі де болса анықтайтынын айтады.



Өзгелердің жаңалығы