Еуровидение: Димаш ресейліктердің ұсынысынан бас тартты

4 Ақпан 2020, 19:30
3687
Бөлісу:
Еуровидение: Димаш ресейліктердің ұсынысынан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Еуровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түскенін және бұл байқауға шақырса тек қонақ ретінде ғана қатысуы мүмкiн екенін айтты.

Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің "Арнау" атты жеке концерттік турнемде кездескенше!, - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы