Алматыда коронавирусқа қарсы жұмыстар жалғасуда

4 Ақпан 2020, 17:01
1593
Бөлісу:
Алматыда коронавирусқа қарсы жұмыстар жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қалада ҚХР азаматтары жұмыс істеп жатқан 72 кәсіпорын бар және онда 188 қытай азаматы еңбек етеді. Оларды тексеріп тұру жұмысы жалғасуда, ешқайсысынан қауіпті вирус шыққан жоқ.  Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында айтты.

Департамен басшысының айтуынша, Алматыда қазіргі күні коронавирус тараған елден келген 6 322 адам бар, оның 371-і шетелдіктер. Олардың 70 пайызы бақылауға алынып, тексеріліп жатыр, кейбірінің мекенжайы дұрыс көрсетілмеген, оларды көші-қон полициясы іздестіруде. 
Қытайдан келген адамдардың кейбірі Алматыдан басқа қалаға жол жүріп кетіп жатады. Сондықтан олардың мекенжайын анықтау қиын. Дегенмен онын көшіқон полициясы анықтайтын болады, - дейді А. Молдағасымова.

Сондай-ақ ол, қаладағы адамдар көп шоғырланған балабақша, мектеп пен сауда орталықтарында фильтрлік тексерістер жүргізіліп жатқанын айтты. 
Алматы мектептерінің 70% фильтрмен тексерілді. Сондай-ақ бұған дейін елімізге Ресейден вирусты тексеруге арналған тестілік құрылғылар жеткізілгенін хабарлағанбыз. Ол екі сағаттың аралығында адамның вирусты жұқтырған, жұқтырмағанын анықтап береді. Басқа да дәрі дәрмектер жеткілікті деңгейде. Таңертеңгі сағат 9.00 кезіндегі жағдай бойынша қалада 335 мың бетперде бар екені анықталды, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы