Түркістан әкімі ай сайын "Ашық есік күнін" өткізеді

4 Ақпан 2020, 05:20
1618
Бөлісу:
Түркістан әкімі ай сайын "Ашық есік күнін" өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдау үшін "Ашық есік күнін" өткізді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.


"Ашық есік күніне" келген азаматтардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау таныту мақсатында арнайы орталық ашу үшін жер телімін сұрады. Бірнеше азамат денсаулығына байланысты қолайлы жұмысқа орналасуына көмек беруді өтінді. Сондай-ақ шаһар тұрғындарына рухани-мәдени азық сыйлап жүрген театр қызметкерлері актерлер үйін жекешелендіру жолын қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар қабылдауда өзге де мәселелер талқыланды. Рашид Абатұлы әрбір сала басшысына айтылған мәселелердің қысқа мерзімде шешілуі үшін тиісті жұмыстар жүргізілуін тапсырды.

"Халықтық әкімдік" құруды мақсат еткен қала басшысы алдағы уақытта ай сайын ашық кездесулерді ұйымдастыратынын айтып өтті.

Өзгелердің жаңалығы