Коронавирус: 250-ге жуық қазақстандықтан сараптама алынды

4 Ақпан 2020, 13:32
3575
Бөлісу:
Коронавирус: 250-ге жуық қазақстандықтан сараптама алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық сараптама орталығы мен Орталық референс-зертхана мамандары зерттелінетін материалдарда 2019-nCov коронавирусты анықтау бойынша жүргізілген зертханалық зерттеулерде вирус табылмады.

Бұл туралы ҚР ДСМ "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК баспасөз қызметі хабарлады. 

Зерттеу барысында 17 тұмау және 17 тұмауға ұқсас инфекциялық жағдайлар анықталды.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарынан бастап Ұлттық сараптама орталығына ҚХР-дан келген, жоғары температурадағы ЖРВИ белгілері анықталған пациенттердің үлгілері келіп түсуде.

жрви.jpg

26 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ұлттық сараптама орталығына, Ухань қаласынан келген 82 студент пен 12 шығарып салушы адам мен бортсеріктерді қоса алғанда, 101 науқастан және 148 байланыста болған адамнан 249 сараптама жасау үшін материал алынды, - делінген хабарламада. 
Ұлттық сараптама орталығы жоғарғы тыныс алу жолдарынан алынған жағындыларға 2019-nCov коронавирус бойынша, сондай-ақ тұмау және тұмауға ұқсас вирустық инфекцияларға тегін негізде зерттеу жүргізетінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, материалдың үлгілері (қан, жоғарғы тыныс алу жолдарынан алынған жағындылар) "М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының" орталық референс-зертханасына 2019-nCov коронавирусына қатар зерттеу жүргізу үшін жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы