Ескертемін: Мамин әкімдерге 1 апта уақыт берді

4 Ақпан 2020, 12:15
13653
Бөлісу:
Ескертемін: Мамин әкімдерге 1 апта уақыт берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге бағаны ерекше бақылауда ұстап, ол өзгерген жағдайда жедел шараларды қабылдауы тиіс екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген стратегиялық міндет - халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру. Сондықтан да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру мәселесінің маңызы өте зор. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытта жүйелі шараларды қабылдауды тапсырды. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер сауда министрлігі ұсынып отырған шаралар топтамасын уақытылы әрі толық орындауы тиіс, - деді Асқар Мамин. 

Осы орайда ол бірқатар мәселеге тоқталып өтті. 

Былтыр қараша айында бағаларды тұрақтандыру жұмысында жіберген кемшіліктері үшін өңір әкімдерінің біраз орынбасары жауапқа тартылған болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесінде желтоқсан айында әкімдіктер бағаны ұстап тұру бойынша жақсы өзерістерге қол жеткізді. Мысалы, былтырғы қарашада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 1,1 пайызға өссе, желтоқсанда бұл өсім бар болғаны 0,1 пайызды көрсетті. Мұның өзі осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін өңірлерде қажетті қордың бар екенін көрсетеді, - деді премьер-министр. 

Оның айтуынша, қаңтардың соңында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 0,3 пайызға өскен.

Әкімдер бағаның өсу мәселесін ерекше бақылауда ұстап, ол өзгерген жағдайда жедел шараларды қабылдауы тиіс екенін ескертемін. Екіншіден, сауда және интеграция министрлігіне қаржы, ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірге көтерме сату және агро-логистикалық орталық құру жобаларын қаржыландыру құрылымын бір аптаның ішінде белгілеуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісін кеңейту үшін қажетті жағдай жасауы тиіс екенін айтты.

Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер субсидия алған кездегі міндеттемелердің бірі болуы керек, - деді үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы