Елімізде май өндірісі 34% өсті

4 Ақпан 2020, 20:25
2326
Бөлісу:
Елімізде май өндірісі 34% өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 132,7 мың тонна тазартылған және 190,1 мың тонна тазартылмаған май өндірілді, деп жазады energyprom.kz.

Өндірістің ең үлкен көлемін(тазартылған майдың үштен екісі және тазартылмаған майдың 85%-ы) Шығыс Қазақстан облысының өндірушілері қамтамасыз етті. ШҚО-да "Май" АҚ, "Востоксельхозпродукт" ЖШС, "Усть-Каменогорский маслозавод" ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

Қазақстандық өндірушілер жалпы күнбағыс майы нарығын қамтамасыз етеді: 11 айдың қорытындысы бойынша сұранысты жергілікті компаниялар 73,3%-ға жапты.

Өндірістің айтарлықтай өсуінен басқа, экспорт та 27,8% -ға, 72,5 мың тоннаға дейін ұлғайды.

2020 жылдың қаңтар айында ҚР қалалары бойынша орташа алғанда күнбағыс майының литрі 433,2 теңгені құрады, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,5%-ға көп.

Қазақстан Республикасының ірі қалалары мен мегаполисі арасында ең қымбат май бағасы Ақтау, Нұр-Сұлтан және Атырауда тіркелді.

Жалпы 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында май 6,3%-ға төмендеді.

Өткен жылдың басында күнбағыс егілген жер 856,9 мың га құрады, 2018 жылы 895,9 мың гектар. Бір гектардан өнімділік 10,2-ден 10 центнерге дейін азайды.

Өңдеуден кейінгі салмақта жалпы тұқым жинау 2018 жылғы 902,6 мың тоннаға қарағанда 847,7 мың тоннаны құрады.

Өзгелердің жаңалығы