Қазақстанда 36 мыңнан астам адам обырға шалдыққан

4 Ақпан 2020, 16:25
1338
Бөлісу:
Қазақстанда 36 мыңнан астам адам обырға шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай жаһандық обырға қарсы күрес акциясына қатысатынын мәлімдеді.

Обыр ауруы бүгінде бүкіл әлемді жаулап алуда. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны 36 мыңнан асты. Сонымен қатар, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау шаралары жолға қойылды, 0 және I сатыда анықталған қатерлі ісік көлемі 26,8% жетті. Яғни, адамдар скринингтен өтуде деген сөз. Біздің басты мақсатымыз - онкологиялық ауруларды ерте анықтап, ауруды емдеп, жазу. Қазақстанда қатерлі ісіктің мынадай түрлері көп тараған: сүт безі обыры, өкпе обыры, колоректалды обыр, жатыр мойны обыры және асқазан обыры - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.

Оның айтуына қарағанда, қазір елімізде онкоскринингтің үш түрі бар: 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер сүт безі обырына, 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер колоректалды обырға, сондай-ақ 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер жатыр мойны обырына қарсы скринингтен өтеді. Емханаларда скрининг ақысыз жүргізіледі.

Қазақстанда халыққа көрсетілетін онкологиялық көмектің барлығы тегін: диагностика, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес өңірлік онкодиспансерлерде жабдықтар паркі кезең-кезеңімен жаңартылып, диагностика жақсартылды, дәрігерлердің кадрлық әлеуеті артуда. 2019 жылдың қазанында Нұр-Сұлтан қаласында Онкология саласы көшбасшыларының дүниежүзілік саммиті өтті, жиынға 350-ден астамосы саладағы ықпалды адамдар, оның ішінде саясаткерлер, корольдік отбасы мүшелері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, дәрігерлер қатысты. Мұндай саммит әлемдік қауымдастықты обырға қарсы күресте біріктіре түседі. Жиынның қорытындысы бойынша Қарар қабылданды, оның басты мақсаты жұртты жаппай денсаулық сақтау қызметтерімен қамту, өйткені әлі де сапалы онкологиялық көмек көрсете алмай отырған елдер бар - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы