Все новости за 15 наурыз 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Білім және ғылым министрі Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің былтырғы қыркүйектегі Жолдауындағы тапсырмалар қалай орындалып жатыр? Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде осы мәселе төңірегінде жан-жақты мәлімет берді.
-
Екібастұзда өндірістік базадан 13 шетелдік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар жұмысқа берілетін рұқсат алмай, құрылысшы ретінде қызмет еткен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
-
МКК шетелге валюта алып кетуге шектеуді бұзғандағы жауапкершілік туралы ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет елдік валютаны және алтын құймаларын сыртқа алып кетуге қойылған шектеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде еліміздің аумағынан шығатын азаматтарға түсіндірме берді.
-
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5 адамды қылмыс үстінде қолға түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы полициясы, ҰҚК Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа күдікті адамдар тобын ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
-
КЕҰ қайырымдылық көмекке қалай өтініш береді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өзінің Call-орталығын іске қосты.
-
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа аттанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 18-20 наурыз аралығында Белград қаласында (Сербия) жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Елордада Роза Бағлановаға арналған көрме өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық музейде КСРО Халық әртісі Роза Бағлановаға арналған «Ән өнерінің падишасы» атты көрме өтіп жатыр.
-
Түркістанда 100 мың тұрғынға арналған көпқабатты үйлер бой көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 100 мың адамға арналған көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерді.
-
Түркістандық боксшылар Азия чемпионатынан 7 медальмен оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақ тілінің жанашырлары мемлекеттік тіл мәселесін жан-жақты талқылады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының астаналық филиалы ұйымдастыруымен қазақ тілі мен мәдениеті I форумы өтті.
-
Құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау үшін инвесторлар жұмылдырылды – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалық 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешілгенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Жамбыл облысында 357 шетелдік жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 10 наурызынан бастап Жамбыл облысында «Мигрант» жедел-алдын алу іс–шарасы өткізілуде. 5 күн ішінде 357 шетелдік азамат анықталды.
-
15 наурыз – Қарулы күштер мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 наурыз – Қазақстан Қарулы күштері мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні.
-
Жамбыл облысының аумағында 5 күн ішінде 10 қару табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
-
Елордада зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана әкімінің орынбасары Берік Жәкенов елордадағы қаламгерлер қауымымен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркістанда жаңа жедел жәрдем станциясы салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан қалалық саябақтағы жасанды көлдің құрылысымен танысты.
-
ШҚО-да 490 мыңнан астам тұрғын ревакцинациядан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 наурыз күнгі мәлімет бойынша, ШҚО-да америкалық Pfizer вакцинасының екінші компонентін 99 186 адам салдырды, деп хабарлайды altaynews.kz.
-
Ералы Тоғжанов маска режимін сақтау неліктен әлі де өзекті екенін түсіндірді
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай көшеде маска тақпауға мүмкіндік беріп отыр. Бірақ әлі де ғимарат ішінде маска режимін сақтау ұсынылатынын премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Қазақстанға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
-
Павлодарлықтар флюорографиядан тегін өте алады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде туберкулезге қарсы айлық шеңберінде бірқатар шаралар қолға алынды. Тұрғындар екі күн бойы флюорографиядан тегін өтіп, мамандардың кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды.
-
11 жасар Асыл хикаяны комикс арқылы жеткізеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының тұрғыны Асыл Мұрат бүгінде кітап оқудың жаңа жолын комикс арқылы жеткізіп жүр.
-
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады.
-
Осакаровкадағы көшелерге белгілі тұрғындардың есімдері берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осакаровкада үш көшеге милиционер Беслан Аушев пен Геннадий Карапидидің, сондай-ақ Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Николай Ворониннің есімдері берілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өткен айда жарма, ет, сүт, өсімдік майының бағасы өскен – Ұлттық банк жүргізген сауалнама
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфляциялық күтулер бойынша сауалнама жүргізу әлемдегі геосаяси жағдай күрт нашарлағанға дейін аяқталды. Осылайша, сауалнама нәтижелері респонденттердің инфляциялық күтулерінің өзгеруін толық көлемде көрсетпеуі мүмкін.
-
Мемлекет басшысы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындықты күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Президентке мәдениет, спорт, туризм архив және баспа ісі салаларының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді.
-
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-16 наурызда Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жетекшілік еткен делегация Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүр.
-
Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайдар Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
-
Қайда қарап отырсыздар? – Аймағамбетов мектептерде анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов білім мекемелерін тексеру кезінде анықталған кемшіліктерге қатысты ойын айтты.
-
Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
-
«AMANAT – патриоттар партиясы» атты деректі фильмі көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Astana телеарнасында «AMANAT – патриоттар партиясы» атты жаңа деректі фильмі көрсетіледі.
-
Президент Түркия, Түрікменстан, Тәжікстан және Куба елдеріндегі елшілерді тағайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
БҒМ мектептерді тексеру кезінде қандай проблемалар анықталғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев білім беру ұйымдарында анықталған кемшіліктер туралы ақпарат берді.
-
Бұл мерекені дәстүрге айналдырғанымыз дұрыс па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 наурыз қазақ халқының ежелгі мейрамы - көрісу күні.
-
Полиция реформасы имиджді емес, құқық қорғау жүйесін өзгертуге бағытталуы керек – әлеуметтанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы әлеуметтанушы Серік Бейсембаев «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (LRPC) ұйымдастырған «Қазақстанның жаңа полициясы. Заманауи қиындықтар мен қоғамның сұраныстары» атты онлайн сарапшылық кездесуде айтты.
-
Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2022 іріктеу аясында Польшамен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2022 іріктеу турнирі аясында ойынды бастайды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Алматы бойынша монополияға қарсы департаменті қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады.
-
Ғалымдар қант диабетінің асқынуларын қашықтан диагностикалау жүйесін әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық ғалымдар диабеттік ретинопатияны қашықтан диагностикалауға арналған бірегей бағдарламалық жоба әзірледі.
-
Сенаторлар өңірлердің табысын арттыру жолдарын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта «Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздіктерді азайту мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру» тақырыбына арналған үкімет сағаты болды.
-
Ұлттық корпус: Қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың қадамдары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ғылым. Ал оны жинақтап корпусқа енгізу – қазақ тілін ғылым тіліне, ІТ платформалар мен техника тіліне айналдырудың, әлемдік сұраныстағы тіл деңгейіне көтерудің басты қадамы.
-
Экологияны ластаған кәсіпорындарға 30 млн-ға жуық айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов хабарлады.
-
Сенатта ТМД елдері арасында алмасу кезінде дербес деректерді қорғау мәселелері қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
-
Жетісуда Амал мерекесі тойланды
Алматы, BAQ.KZ. Ұлыстың ұлы күні наурыздың бастауы - Амал мерекесі алты алаштың төріне келді. Осынау, текті жұрт үшін ұлық мерекені тойлау Жетісу жерінде басталып кетті. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңы хабарлады.
-
Премьер-министр Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше, 14 наурыз күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыста дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Зеленский Ресеймен жүргізілетін ендігі келіссөз қашан болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киев Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге бір-екі апта ішінде қол жеткізілетінін мәлімдеді, ең соңғы мерзім мамыр айы болуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Қазақстандық дипломаттар 822 адамның Украинадан шығуына қолғабыс көрсетті – СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде қазақстандық дипломаттар 822 Қазақстан азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті.
-
БҰҰ бас хатшысы ядролық қақтығыс туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш ядролық қақтығыстың ықтималдығы туралы ескертті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
-
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы. Қандай шаралар атқарылып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов хабарлады.
-
Ұлыбритания саяхатшылар үшін шектеулерді түгел алып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияға есік ашық, деп жазды «Хабар 24».
-
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Олимпиада чемпионын ұтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Енді ҰБТ нәтижесі тақырыптар бойынша талданады – Асхат Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді ҰБТ қорытындысы тақырыптар бойынша талданады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты.
-
Алдағы уақытта қант бағасы қанша теңгеге өсуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта қант бағасының қанша теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты.
-
Ұлттық тестілеу орталығы қаңтардағы ҰБТ-ны қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев қаңтарда өткен ҰБТ-ның қорытындысын айтты.
-
Украинадағы қазақстандықтардың бесінші легі эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
-
Министр: ЕАЭО мен Қытай арасында тәуелсіз валюта жүйесін құру қаралып жатқан жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ЕАЭО мен Қытай арасында тәуелсіз халықаралық валюта жүйесін құру мәселесі қаралып жатыр ма?
-
Биылғы бюджеттік субвенция көлемі 2 трлн теңгеден асады – Ұлттық экономика министрлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенатта «Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздіктерді азайту мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру» тақырыбында өткен Үкіметтік сағатта айтты.
-
Серік Сұлтанғали Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті болып сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы" қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында өткен XVII Съезінің қорытындысын жариялады.
-
Азаматтар малдары ұрланғаны туралы 1 жылдан кейін де айтып жатады – Шалқаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Азық-түлікті көтерме бағамен сататындарға мониторинг жүргізілуде – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін кулуарда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
-
Мал ұрлығы үшін қанша адам ұсталғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Қарашөкеев қант бағасының не себепті қымбаттап кеткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда қант өндіретін қанша зауыт бар? Қант бағасының өсуі немен байланысты?
-
Жамбыл облысында мас жүргізуші 2 жасар баланы қағып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
-
Балалар жылы. Полиция қызметкерлері Балалар үйіне мерекелік сыйлықтар табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
-
Тоқаевтың Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жасайды.
-
Сұлтанов: Азық-түлік бағасының өсуі халықаралық нарықтарда да байқалып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үш айдан кейін азық-түлік қоры таусылады деп алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты.
-
2022 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 98 мыңнан астам қызмет алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Смайылов: Азық-түлік тауарлары жеткілікті болуы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов азық-түлік тауарларының нақты қолжетімді болуы басты міндет екенін айтты.
-
Қазақстандағы білім беру мекемелерінен Ashyq жүйесі алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 14 наурыз күні №13 «Білім беру ұйымдарындағы шектеу шараларын алып тастау туралы» қаулыға қол қойды.
-
Смайылов: Елімізде негізгі азық-түлік тауарлары толық көлемде қамтамасыз етілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов еліміз негізгі азық-түлік тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етілгенін айтты.
-
Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамауға алынды.
-
Жамаубаев әкімдіктер қанша соманы игере алмағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әкімдіктер қанша соманы игере алмағанын айтты.
-
Нарықта азық-түлік қоры жеткілікті ме? Қарашөкеев жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қойылған сұрағына жауап берді.
-
Қаржы министрлігі бюджетті игере алмай отырған министрліктерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмай отырған министрліктерді атады.
-
Ұлттық банк Қазақстанның қаржы жүйесіне Ресейге қарсы санкциялардың әсер ету дәрежесін бағалап отыр – Пірматов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты.
-
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру керек. Смайылов әкімдерге тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әкімдер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Мұндай тапсырманы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов берді.
-
Ұлттық қорға жыл басынан бері қанша түсім түскені белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты.
-
Пірматов инфляцияның тәуекелдерін төмендету шаралары туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты.
-
Ербол Қарашөкеев 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарымен таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары әзірленгенін айтты.
-
Үкімет екі айдың ішінде қай салада өсім болғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов биылдың екі айында қай салада өсім болғанын айтты.
-
Пірматов екінші деңгейдегі банктер шоттарындағы валюталық активтер жеткілікті екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты.
-
Ұлттық банк валюта нарығын қалай тұрақтандырып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты.
-
Қуантыров ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы қай өңірлерде төмен екенін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.
-
Министр өңдеу өнеркәсібі саласындағы өсім қандай облыстарда тіркелгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.
-
Қаңтар-ақпан айларындағы ел экономикасының өсу қарқыны 3,5 есе жеделдеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырсында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімедеді.
-
958 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 958 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 54 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК еліміздегі ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 14 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
-
Сейсенбі, 15 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Елорда әкімдігі азаматтарды қабылдауды апта сайын өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі апта сайын қала тұрғындарын қабылдайды. Былтыр жеке қабылдауында 1,5 мың азамат болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Иранда қазақстандық спортшылар 15 медаль ұтып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеранда таеквондодан халықаралық турнирлер сериясы өтті. Азия федерациясының президенті кубогының соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Olimpic.kz.
-
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
-
Қытай билігі COVID-19 жұқтыру деректерінің өсуіне алаңдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі елдің кейбір аймақтарында COVID-19 жұқтыру деректерінің өсуіне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Президент тапсырмасы: Ұстаздардың жалақысы артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздар жалақысын көбейту туралы тапсырмасы орындалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
-
Семейде Наурыз мейрамына орай 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Семей қаласында Наурыз мейрамына орай 200-ден астам іс-шара жоспарланып отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.
-
2,7 миллионға жуық адам Украинадан кетті – БҰҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соғыс басталғаннан бері Украинадан 2 миллион 698 мың 280 адам кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының сайтында хабарланды.
-
БҚО әкімдігі ресейлік туристер көптеп келіп жатқаны туралы хабарға жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Наверх