Экологияны ластаған кәсіпорындарға 30 млн-ға жуық айыппұл салынған

15 Наурыз 2022, 15:23
1334
Бөлісу:
Экологияны ластаған кәсіпорындарға 30 млн-ға жуық айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы  Зұлфұхар Жолдасов хабарлады. 

Оның айтуынша, былтыр республика аумағында экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 1 032 тексеріс жүргізілген. 

Оның ішінде, 432-сі – профилактикалық бақылау болса, 690-ы – жоспардан тыс тексерістер болды. 3 299 бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша 1760 ұйғарым шығарылды. 27,3 млн теңге сомасына 2046 әкімшілік айыппұл салынып, 7,069 млрд теңге мөлшерінде шығынның орнын толтыру туралы 530 ұйғарым берілді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол шаруашылық қызметті тоқтата тұру туралы 148 қуыным сот шешімімен қанағаттандырылған. 

Мысалы, 2021 жылы Березовка өзеніндегі «Қазцинк» ЖШС тотықтырғыш тоғаннан ақпа судың төгілуі туралы әлеуметтік желілерде шыққан бейнесюжет қоғамдық резонанс тудырғаны белгілі. Берілген ұйғарымға сәйкес аталған компания тотықтырғыш тоған мен су бұрғыш арнаны тазартты. Тазарту үй-жайларының секциясын кеңейтіп, суды жасыл түске бояйтын бактериялар қарқынды дамитын кезеңде бейтеңгерімдікті су қалдығы шектелді, - деді Зұлфұхар Жолдасов.

Өзгелердің жаңалығы