Үкімет екі айдың ішінде қай салада өсім болғанын айтты

15 Наурыз 2022, 09:35
1143
Бөлісу:
Үкімет екі айдың ішінде қай салада өсім болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов биылдың екі айында қай салада өсім болғанын айтты.

Министрлер кабинеті басшысының мәліметінше, екі айдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны  3,5%-ға дейін артты. Тұрақты экономикалық өсімнің драйвері  нақты сектор болды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,7%-ға,  оның ішінде өңдеу өнеркәсібі  3,9%-ға өсті. Өсім тіркелген негізгі салалар – фармацевтикада -17%, киім-кешек өндірісі - 12,8%,  машина жасау - 9,2%,  оның ішінде локомотивтер мен вагондар өндірісі - 23,8%,  автомобиль жасау - 10,2%, пластмасса өнімдерінің өндірісі - 8,7%,  дайын металл бұйымдары - 4,4%, құрылыс материалдарын шығару - 2,1%, - деп айтты Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар тау-кен өндірісі  6,4%-ға орнықты өсімді көрсетті. Бұл саладағы тұрақты өсімге мұнай өндіруді 9,2%-ға, табиғи газды 8,9%-ға  және металл кендерін  1,2%-ға ұлғайту есебінен  қол жеткізіліп отыр.

Көлік,  сауда және байланыс салалары есебінен  қызмет көрсету секторында 2,1% деңгейінде оң өсім байқалып отыр. Құрылыс саласы  7,6%-ға өсті. 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй  пайдалануға берілді. Сондай-ақ  шикізаттық емес сектордағы  тұрақты инвестициялық белсенділік  жедел экономикалық өсімнің  негізгі факторы болды, - деп толықтырды Үкімет басшысы.

Одан бөлек, кен өндіру саласын есепке алмағанда инвестициялар 5,7%-ға өсті.

Оның сөзінше, каңтар-ақпан айларында Ақмола, Павлодар облыстарында  және Нұр-Сұлтан қаласында  барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша өсім байқалып отыр. Ең төмен көрсеткіш Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы