Ералы Тоғжанов маска режимін сақтау неліктен әлі де өзекті екенін түсіндірді

15 Наурыз 2022, 18:33
1734
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов маска режимін сақтау неліктен әлі де өзекті екенін түсіндірді

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай көшеде маска тақпауға мүмкіндік беріп отыр. Бірақ әлі де ғимарат ішінде маска режимін сақтау ұсынылатынын премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Коронавирус бүгінде бақылауда. Біз бірінші кезекте кәсіпкерлерге барынша жағдай жасадық. Бүгінде Қазақстанда коронавирустың өсуіне алаңдаушылық жоқ деп болжауға болады. Сондықтан біз талаптарды да барынша азайттық, – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов

Ералы Тоғжанов бүгінгі эпидемиологиялық жағдай көшеде маска тақпауға мүмкіндік беретінін, бірақ әлі де ғимарат, кеңістік ішінде маска тағу режимін сақтау ұсынылатынын айтты.

Сонымен қатар ол бүгінде 30-дан астам елде коронавирусты жұқтырудың белгілі бір өсімі байқалатынын, бірақ үкімет осы жағдайға байланысты әзірше ешқандай шектеулер енгізуді жоспарлап отырған жоқ екенін айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы