15 наурыз – Қарулы күштер мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні

15 Наурыз 2022, 19:44
1611
Бөлісу:
15 наурыз – Қарулы күштер мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 наурыз – Қазақстан Қарулы күштері мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні. 

Бұл күн 1999 жылы елде «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңның қабылдануымен тұспа-тұс келеді. 

Тәуелсіз Қазақстанда Қарулы күштердің құрылуымен қатар әскери басқарудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдар жұмыс істейді. Олар қажетті мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге әскери ақпараттық ресурстарға техникалық әсер етудің алдын алу, анықтау және жою жөніндегі жұмысты жүргізеді.

15 наурыз – Қарулы күштер мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің мамандары күніне арналған шарада осы қызмет саласындағы әскери қызметшілердің ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесін атап өтті. 

Бүгінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдары мемлекет пен әскер үшін аса маңызды міндеттерді орындайды. Бұл бөлімшелердің мамандары әрдайым кәсіби білікті, саналы және әскери борышқа адал, – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов. 

Осы күні Әскери-тарихи мұражайда тақырыптық экспозиция да ашылды. Көрмеде әскерилер мәліметтерді жасырын беру кезінде қолданған өткен ғасырдың ерекше аппаратурасы көрсетуге ұсынылды.

15 наурыз – Қарулы күштер мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні

Әскери-үкіметтік байланыстың қалыптасуының негізін қалаған әскери қайраткер, кавалерия генералы Ғұбайдолла Жәңгіровке жеке стенд арналған. 

Ұлы Отан соғысы жылдарында шифрлау жұмыстарын атқарған қазақстандық жауынгерлер жайлы материалдар көрменің маңызды бөлігін құрайтын атап өткен орынды. 

 

Өзгелердің жаңалығы