Жамбыл облысында 357 шетелдік жауапкершілікке тартылды

15 Наурыз 2022, 20:02
1199
Бөлісу:
Жамбыл облысында 357 шетелдік    жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 10 наурызынан бастап Жамбыл облысында «Мигрант» жедел-алдын алу іс–шарасы өткізілуде. 5 күн ішінде 357 шетелдік азамат анықталды. 

Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны,   заңда белгіленген мерзімде кетуден жалтарғаны үшін 249 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Елде еңбек қызметін жұмысқа орналастыруға рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін шетелдіктерге 52 әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. 

Қоғамдық орындарда  тиісу дерегімен (қайыршылық, мазаны алу)  4 мигрант,  шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 29 жұмыс беруші, ал шетелдіктерді қабылдаушы тұлғалардың тіркеу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 162 азаматы   жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады.

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы  ағымдағы жылдың 17 наурызына дейін  жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы