Қазақстандық теннисші Александр Бублик Олимпиада чемпионын ұтты

15 Наурыз 2022, 13:18
1147
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Олимпиада чемпионын ұтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.


Жүлде қоры 8,5 АҚШ долларынан асатын жарыстың 31-ракеткасы болып тіркелген Александр Бублик доданы екінші айналымнан бастап, кезінде рейтингте көш бастаған «Үлкен дулыға» турнирінің үш мәрте, екі дүркін Олимпиада чемпионы, ұлыбританиялық Энди Марреймен кездесті. Биыл Александр Бублик Роттердамда Энди Маррейден жеңіліп қалған болатын. 

Бұл жолы екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші қазіргі кезде рейтингте 88-орында тұрған атақты қарсыласын 7:6 (11:9), 6:3 есебімен ұтты. Александр матч барысында 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Энди Маррей 4 эйспен шектелді.

Бублик үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 78-сатыдағы аустралиялық Джордан Томпсонның біреуімен таласады.

 

Өзгелердің жаңалығы