Министр: ЕАЭО мен Қытай арасында тәуелсіз валюта жүйесін құру қаралып жатқан жоқ

15 Наурыз 2022, 12:17
1292
Бөлісу:
Министр: ЕАЭО мен Қытай арасында тәуелсіз валюта жүйесін құру қаралып жатқан жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ЕАЭО мен Қытай арасында тәуелсіз халықаралық валюта жүйесін құру мәселесі қаралып жатыр ма?

Журналист сұрағына Премьер-министр орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап берді.

17-18 наурызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы жоспарланған. Онда мен комиссия құрамына мүшемін. Қазір бұл мәселе күн тәртібінде  тұрған жоқ, - деді министр.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қазіргі таңда екі ел арасында доллар бағамымен есептескен кезде біршама қиындықтар бар.

Өздеріңіз білетіндей, долларды Ресейге кіргізуге тыйым салынған. Сол себепті өзара есеп айырысуға қатысты, әсіресе бизнесте, консультациялар өткізіліп, бірқатар мәселе жан-жақты талқыланады. Алайда сіз айтқан мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ, -деп атап өтті Сауда және интеграция министрі. 

Өзгелердің жаңалығы