Қаржы министрлігі бюджетті игере алмай отырған министрліктерді атады

15 Наурыз 2022, 09:50
1273
Бөлісу:
Қаржы министрлігі бюджетті игере алмай отырған министрліктерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмай отырған министрліктерді атады.

Биылдың 2 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері туралы баяндады.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,9%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 97,7%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96%-ға атқарылды.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 2 трлн 683 млрд теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 64 млрд теңгені құрап, оның ішінде 9 млрд теңге үнемделді. Игерілмегені - 55 млрд теңге, - деді Жамаубаев.

Оның мәліметінше, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары білім және ғылым, денсаулық сақтау, ішкi iстер, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктерінде қалыптасты.

Игерілмеудің негізгі себептері: шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ рәсімдеу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді дер кезінде қабылдамау, шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы, - деп атады Қаржы министрі.

Өзгелердің жаңалығы