Елордада зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті

15 Наурыз 2022, 19:16
2415
Бөлісу:
Елордада зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана әкімінің орынбасары Берік Жәкенов елордадағы қаламгерлер қауымымен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса, белгілі сатирик, журналист Көпен Әмірбек, ақын Сұраған Рахметұлы, белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілік т.б. қатысты.

Кездесу барысында қаламгерлерді толғандырған өзекті мәселелер, қаланың мәдени және рухани келбетін жақсарту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан кітапханасы» сериясымен басып шығарған елордалық 30 жас қаламгердің кітабының тұсаукесері өтті.

Елордада зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті

Талғат Ешенұлы, Дәурен Берікқажы, Дәулеткерей Кәпұлы, Ербол Бейілхан, Серікзат Дүйсенғазы, Маржан Ершу, Танакөз Толқынқызы, Ұларбек Дәлей, Ықылас Ожай, Серік Сейітман, Ахат Расул, Алмаз Мырзахмет, Құралай Омар, Олжас Сәндібек, Ұмтыл Зарыққан, Олжас Қасым, Айжан Тәбәрак, Айдын Байыс, Бақытбек Қадыр, Жұлдызай Ысқақ, Есбол Нұрахмет, Жадыра Шамұратова, Біржан Ахмер, Арман Шеризат, Серікбай Әбілмәжін, Рауан Қабидолдин, Айзада Рахымжанова, Алпамыс Файзолла сынды талантты ақын-жазушылардың жеке кітаптары жарыққа шықты. Ал поэзия, проза антологиясына Шерхан Талап, Аян Мейраш, Дәулет Жәлел, Ақжігіт Амангелді, Ділдә Уәлибек, Азамат Әбілқайыр, Дәулет Телманов, Әуетай Мүбәрак, Ауғанбай Санақұлы, Әли Бекмұханбет, Мұқият Қойшыбай, Алаш Тұрсынәлі сынды жас қаламгерлердің проза мен поэзия жанрындағы шығармалары топтастырылды.

Елордада зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті

Халыққа жол тартатын кітаптардың тақырыбы да сан алуан. Тарих, ел мен жер, патриоттық сезім, ар-ұждан секілді қастерлі қасиеттер қамтылған. Тәуелсіздіктен тамыр тартқан ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметі кітаптардың негізгі арқауы. Жарық көрген кітаптар республиканың түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға жолданды.

Сонымен қатар іс-шара соңында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бірқатар жас қаламгерді Жазушылар одағының құрамына қабылдап, куәлік табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы